Әнші Ayree халықаралық байқауда бақ сынамақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Елдегі төтенше жағдай жас әнші Айиридің де жоспарын күл-талқан еткені рас! «Бұл болмағанда халықаралық байқауға аттанып, мүмкін жеңімпаз атанып қалар ма едім», - дейді ол. Десе де өнерпаз конкурстан күдерін үзбек емес! Тіпті сылқым сайыс үшін иммиджын өзгертуді ойлап жүр.

Халықаралық байқауда бағын сынай алмаған Айри, жоспарының өзгергеніне қынжылады. Себебі әнші конкурстың дайындығына кедергі болмасын деп, шығармашылығын шетке ысырып қойған көрінеді.

Ayree, әнші:

- Байқауларға қатысқанда өзінің жеке шығармашылығың тоқтап қалады. Сондықтан бөлу керек уақытты, жеке шығармашылыққа және конкурсқа. Енді карантин болып қалды, негізі біздің ойымызда болған. Бірақ Ккраинаға емес, және де осы Голосқа емес басқа бір керемет шетелде жүріп жүрген байқауларға.

Үнемі шығармашылық ізденісте жүретін әнші, тіпті аталмыш байқау үшін имиджін өзгертуге де әзір болған.

Ayree, әнші:

- Әрдайым өзгеріс болу керек әртісте. Енді шектен шықпаса болды, тақырбас болмаймын.

Жоспарлары жүзеге аспаса да, Айри ән жазып, тыңдарманын шығармашылығымен қуантуға ниетті. «Карантин аяқталса, үлкен белестерді бағындырарым сөзсіз», - дейді ол.

Ayree, әнші:

-Үйде өзімнің кішігірім студиям бар, сондықтан демо вариантын жасап, музыкалық продюсеріме жіберіп, солай жұмыс жасадық. Төртеуі дайын болып тұр сөзбен, музыкасымен, оранжировкасымен. Карантиннан шықтық, енді күтіңіздер жаңа туынды.

Өнерім өмірім деген әнші, 28 жасқа келсе де, тұрмысқа шығуға асықпайды. Бірақ бұл Айридың ғашығы жоқ деген сөз емес.

Ayree, әнші:

-Иә бәрі дұрыс, басым бос емес мен бақыттымын. Сол ғана айтарым. Менің конктрактым талай бар әлі достар, маған әлі болмайды. Жаспын ғой әлі, 18 демін, достар.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться