«BTS» бойзбенді к-pop королі емес!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Грэмми» марапатында ешкім күтпеген жағдай орын алды! K-pop королі саналатын «BTS» бойзбендін бұл айдарлы атақты, ұйымдастырушылар алып алды. «Дәл осы шараға орасан пайда мен көп көрермен әкеліп отырған құрамға әділетсіздік жасадыңыздар», - деп жанкүйерлері шағымдарын айтуда. Бәріне себеп өзге корейлік топтардың «егер BTS -ті король санайтын болсаңыздар, онда біз америкалық барлық шоуларға байкот жариялаймыз», - деп шағымдарын айтуында екен.

Меган Фокс, Колсон Бэйкердің клипіне түсіп, жанкүйерлер күдігін күшейте түсті. Жақында ғана күйеуімен ажырасқан актрисаны, «Колсонмен көңіл жарастырып жүр» деушілердің қарасы көбейген. «Bloody Valentine» әніне таспаланған бейнебаянда Фокс, рок музыканттың қызуқанды сүйіктісінің рөлін сомдаған. Әзірге қос танымал да өріп жүрген қауесетке қатысты пікір білдірмеді.

Хейли Болдуин тұрмыстағы қиындықтарын айтып, алғаш рет Батыстық БАҚ-қа сұқбат берді. Ол сөзін «Джастинмен үйленгеннен кейінгі бірінші айлардың мен үшін қалай ауыр болғанын өзім ғана білемін» деп бастады. Айтуынша, Хейлиға инстада негатив жазып, шабуылдаушылар көбейген. Бірақ Бибер жарына барынша қолдау білдіріп, коментарийлерді оқымауға кеңес беріпті. «Қазір бәрі көрген түстей өтіп кетті», - дейді Болдуин.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться