Жұлдыздар арасында бэйби-бум!

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантин кезі демографияны көтеретін кезең бе дерсің! Бұл уақытта жұлдыздар арасында нағыз бейби-бум болғандай! Өнер өкілдерінің бірі бесінші бүлдіршінін қолына алса, енді бірі тағы да сәби сүйем деп ерек мәлімдеме жасады!

Шаңырағы шақалақпен толысқандар көшін актер Мейіржан Түребаев пен Дана Есеева бастайды. Жұлдызды жұп 5-ші рет ата-ана атанды. Бүгінде өнерлі отбасының 4 ұл, бір қызы бар. Дана: «Тағы бір қыз босанғанша тоқтамаймын»,- деп отыр.

Ал әнші Нұржан Керменбаев 2 ұлдан соң қызды болып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Өнер иесі кестетігеріне Тасним деген ерекше ат қойды.

Шоу-бизнестегі көпбалалы әкелер саны «Меломен» тобындағы Ғабитпен де толыққан-ды. Әнші 2 қыздан соң, ұлдын қолына алды. Атұстарына оның әкесі ат қойған екен. Ғабит болса: «Ұлды ұзақ күттім»,- дейді.

Ғабит Бибасыұлы, «Меломен» тобының әншісі:

- Иә, өте сағына ұзақ күттік, әрине. Ең бастысы дені сау, саналы, аман-есен боп келуі ғой кез келген ата-ананың есімі Алишах болды.

«Мистерионстық» Дильен болса, екінші ұлына есім таңдай алмай, біраз әбігерге түскен еді. Кейіннен шақалағының есімі тұңғышына ұқсасын деген ниетте кенжесіне Иса деп ат қойды. Еске салсақ, Дильеннің үлкені Исмаил 2 жаста.

Әулетінің ұрпағын көбейткен бикештер қатарында - экс-Кешьюлік Элизат Берікова да бар. Элизат та қос ұлдың анасы атанды. 2 900 келі, 50 см боп туылған сәбидің есімі - Рамазан.

Элизат Берікова, «Kesh You» тобының экс-әншісі:

- Денсаулық жағы кішкене қиындау болып қалды. Өйткені екеуі де, менде операция арқылы болды, сондықтан, екінші операция біріншідей емес екен, біріншіде білмегендіктен кішкене сондай бәрі аяқ астынан болып қалғандықтан, сезбей қалдым. Бірақ екіншісінде кішкене қиналып қалдым, 3-4 де әрең есіме келіп.

Сондай-ақ, «Келін» фильмі арқылы танылған актриса Гүлшарат Жұбаева, әнші Ғаділбек Жаңайдың да жанұясы нәрестемен толықты. Ал Луина, Динара Бақтыбаева мен Жарқынай Ханайым болса, тұңғыш сәбилерімен қауышуға дайындалып жүр.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться