Карантинде қайырымдылықпен айналысқан жұлдыздар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Біз біргеміз! Карантин кезінде отандық жұлдыздар көмекке мұқтаж жандарға демеу болды. Тіпті өнер өкілдері волонтер атанып, игі іс жасап жарысты. Мәселен, Айжан Нұрмағамбетова, үй-үйді аралап, жағдайы төмен отбасыларға азық-түлікті өзі табыстады.

ҚР-ның Еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова карантинде қауіп-қатерге қарамастан, қайырымдылықпен айналысты. Өнер иесі бір айдан астам уақыт көмекке зәру жандардың үйлерін аралап, керек-жарақпен қамтамасыз етті.

Айжан Нұрмағамбетова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Әрине міне осындай қиын жағдайда менде қалмадым деп есептеймін. Анам ұрысып жатыр, немене сен жастармен шауып жүрсің деп. Сүйтіп айтады қорқады, бәрі әртістер үйде отыр ғой, онлайн концерттер беріп. Мен айтқанмын қолым босаса менде беретін шығармын деп.

«Патруль» телехикаясының жұлдыздары да игі істің басы-қасында жүрді. Күніне 500-дей отбасына азық-түлік жеткізіп жүрген актерлар тіпті қаржыны да өз қалтарларынан шығарған еді.

Мейірхан Шерниязов, актер:

- Бұл әрине бірінші қайырымдылық емес, осы айда 2-3 қайырылымдылық жаңағыдай көмектестік қорларға. Бір қуантатын жәйт, өйткені ол аз емес ондай көмектесіп жатқандар. Біз енді үлгергенше келіп жатырмыз.

Мейірхан Шерниязов осындай қиын сәтте көпшілікті бірге болуға шақырған-ды. «Актер жасаған жақсылығымды халық дұрыс түсінсе екен» - деп, игі ниетін білдірген болатын.

Мейірхан Шерниязов, актер:

- Көрермендер айтуы мүмкін мұның бәрін міне көзге көрсету үшін істеп жатыр ма, типа показуха ма деп. Айтатыным, біліп қойсаңыздар садақаның екі түрі болады ғой. Біреуі жария, біреуі жария емес деген. Сол сияқты біз жігіттер, бұдан басқа көптеген садақалар жасап жатыр оны білеміз. 99 пайызы көрінбейді.

Ерікті атанған танымалдар арасында сондай-ақ блогер Бейбіт Әлібеков, бизнесмен Қайрат Құдайберген және ғаламтор жұлдызы Жансерік Қадырбаев та бар.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться