Қайрат Түнтеков алғаш рет әке атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше Қайрат Түнтеков қызды болды. Бұл жайында әншінің өнердегі достары ең алғаш болып желіде құттықтап, көпшіліктен сүйінші сұрады. Әзірге сәбиге қандай есім қойғаны белгісіз. Қайраттың шаңырақ көтергенінен бейхабар жұрттың бұған таңқалғаны сөзсіз. Ал Түнтеков әлі де болса, жұмған аузын ашпауға, жеке өміріндегі құпияларын берік ұстауға бекінген.

Әнші Жарқынай Ханайымның да шаңырағында үлкен қуаныш. Аша Матайдың жеңгесі күні кеше тұңғышы Айлананы қырқынан шығарды. Тек ет-жақындары жиналған кешке Аша қызы Асылымды ерте барған. Өнер иесі тәттілерінен шашу шашып, көпті сүйсіндірді.

Ал Алтынай Жолдыбаева болса, енді өзін мэйк-апта сынап көрмек! Тіпті сылқым түрлі курстарға барып, өзін шыңдап жүрген көрінеді. Бет әрлеуші ретінде қызу жұмысқа кіріскен арудың мына бір суреті елдің талқысына қалғаны тағы бар. Кіші Жолдыбаева енді әдеттегідей сахнада емес, визажист ретінде ашық образымен тамсандырмақ секілді.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться