Гүлнар Сильбаева жеке өміріндегі жаңалықтарымен бөлісті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл жыл Гүлнар Сильбаеваның өміріне талай өзгеріс алып келгені сөзсіз. Актриса сүйіктісінің тұрмысқа шығуға ұсынысын қабылдап, қалыңдық атанған еді. Сол уақыттан бері КВН жұлдызының жеке өмірі жұрт назарында.

Гүлнар Сильбаева, актриса:

- 2020-шы жылы дәл осындай жағдай өмірімде орын алады деп ойламадым. Мұндайды ешқандай қыз күтпейтін шығар. Дегенмен бұйырып тұрған соң неге болмасқа.

34 жасқа келген өнер иесі қалыңдық атанар сәтті тағатсыздана тосқаннын жасырмайды. Алайда, Сильбаева: «4 ай уақыт өтсе де, некемізді әлі күнге дейін қимадық», - деп отыр.

Гүлнар Сильбаева, актриса:

– Сөз байласып қойдық десем де болады. Бірақ әлі ресми түрде некемізді қидырған жоқпыз.

Еске салсақ, Гүлнар сүйіктісі Жанболат Төлегенмен түсірлім барысында танысқан. 3 жыл бұрын көңіл жарастырған қос ғашық карантин бітсе ғана үйлену тойына дайындықты бастамақ ниетте.

Гүлнар Сильбаева, актриса:

– Әзірге қалай болатынын білмеймін. Дүркіреген тойды қаламаймын, кішірігім болса да болар деді. Бірақ менің өмірімде болатын жағдайларды тағдыр өзі шешеді. Мен күтпеген жерден орын алатын дүниелерді жақсы көремін.

Сильбаеваның болашақ жары - кәсіби биші. Жанболат бұған кейін

«Танцы» және «Биле, Қазақстан» жобаларына қатысқан. Бүгінде ол фотомодель әрі театр сахнасының актері қызметінде.

Гүлнар Сильбаева, актриса:

– Жанболат еркін адам. Маған қарағанда шығармашыл деп айтар едім. Мен оның қасында сабырлық танытамын.

Олай болса, көп ұзамай, карантин аяқталып, жұлдызды жұптың «үйлену тойы» дүркірете өтеді деп үміттенеміз!

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться