«Ninety one» тобынан тағы бір тарту!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ninety one» тобы су жаңа бейнебаянның тизерін желіге жүктегені сол-ақ еді, видео ютубта 20 мыңнан аса қаралым жинады. Көзі қырағы иглз «OINAMAQO» клипі бұрынғыдан басқаша түсірілгенін жарыса жазуда. Тың туындының «америкалық стильде» таспаланғанын байқағандар жетерлік. Ал жігіттердің бұл жолы расымен де, қандай жаңашылдық ұсынғанын желтоқсанның 20-сы біле алмақпыз.

Дарья Александрова екінші мәрте сәбилі болды! Актриса дүниеге ұл алып келді. Жағымды жаңалығымен желіде бөліскен Даша батырына Аарон есімін таңдаған. Ал Александрованың шақалақпен түскен фотосы жұрт жүрегін елжіретпей қоймады! Суретті көрген оқырман оны құттықтап, тілектерін жаудырауда. Еске салсақ, актрисаның алғашқы некесінен Мия есімді қызы бар.

Таяуда ғана сүйіктісінен тұрмысқа шығуға ұсыныс алған Дарикорн Hen party ұйымдастырды. Алайда желі жұлдызы шағын ғана, тек жақын құрбыларымен бас қосқан көрінеді. Еске салсақ, Дариғаның таңдауы Дархан Жолшыбеков есімді блогер жігітке түскен еді. Енді арудың беташар рәсімі желтоқсанның 18-і күніне жоспарланып отыр.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться