Дәурен Айдарқұлов экс-жары Ақботаның образына қатысты пікір білдірді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәурен Айдарқұлов жеке өміріндегі сәтсіздіктерден соң шығармашылығын қолына алмақ ниетте. Актер бұдан-былай авторлық кинода бой көрсеткісі келеді. Білімі мен тәжірибиесінің аздығын түсінген өнер иесі шетелде оқып келуді мақсат тұтып отыр.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

- Фестивальдерге қатысатын режиссерлармен әлі жұмыс істеп көрмедім. Көбінее сол АҚШ-та оқып келген, батыста оқып келген. Мүмкін менің кәсіби мамандығым жоқ шығар, өйткені біз бәріміз квн-щикпіз былайша айтқанда сол квн-нен алған білімізді ғана қолданып жүрміз.

Сондай-ақ, бүгінде Айдарқұлов өзін продюсер ретінде сынап, алғашқы ютуб жобасы – телехикая түсіруге дайындалуда. Басты рөлді өзі сомдайтын Дәурен киносына білікті актрисаларды іздеуді бастап кеткен. Ол үшін актер аруларға құлаққағыс жасауды да ұмытпады.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Продюсерлікке келу бұрыннан бар идея негізі, кейбір жобаларда қатысқанмын. Просто атым шықпай жүрген. Бірақ енді халықтың көңілінен шығады деп ойлаймын. Басты рөлде мен болам және тағы бір екі қыз. Кастингісі жуық арада басталады сол себепті белсенді қатысып көруге болады қыздарға.

Тырнақалды туындыда Дәуренмен бірге үлкен ұлы Абдурахман да бой көрсетуі мүмкін. Танымал әке атұстарының «актер болам» деген арманын орындамақ. Еске салсақ, актердің бірінші отбасы елордада тұрған еді.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

- Ол астанада тұрған. Енді жаз айларынан бері осы Алматыға көшіп келді бүкіл бала шаға, енді-енді құдай қаласа, өзімнің жобаларыма қатыстыратын шығармын деп отырмын.

Одан бөлек, Дәурен вайнерлікті де қолға алмақ. Тіпті, жаңа саланың қыр-сырын зерттеп қойған.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Вайннан өзгеше бірдеңе түсіреміз ба деп ойлап жатырмыз. Енді кино сияқты хронометражы 1 минуттық болса да кішкене жақсы камералары қойып. Бірақ бір жағынан статистикалар көрсетіп жатыр баяғы вайнерлердердің өзі өзінің қолымен түсірген былай жай түсірсе просмотрлар әлдеқайда көп екен, чем проф түсірген.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться