Димаш Құдайберген су жаңа бейнебаян ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Dears үшін жағымды жаңалық! Димаш Құдайберген көптен күткен «Я скучаю по тебе» трегіне түсірілген бейнебаянды ұсынды. Игорь Крутойдың әні мен Игорь Николаевтың сөзіне жазылған туынды көрерменді бейжай қалдырмады. Клип Ютуб желісінде бір тәулікке жетпестен 125 мыңнан аса қаралым жинап үлгерді. Желі қолданушылары Димаштың орындау шеберлігі мен бейнебаянның стиліне өте жоғары баға берген.

Соңғы уақытта жеке өмірі ел аузынан түспеген Арман Қоңырбаев, жеке өмірін реттеп, шығармашылығындағы жаңалықтарымен қуантуға әзір. «Мистерионс» тобының мүшесі әндерін сағынған тыңдармандарына «Келмей қойма» атты жаңа трек ұсынды. Көптен бері туынды ұсынбаған Қоңырбаевтың бұл трегін көпшілік жылы қабылдады.

Әсел Асқар екінші рет ана атанбақ! Актрисаның желіге жүктеген мына суретінен соң, көпшілік бикешті жағымды жаңалығымен құттықтауды бастап кетті. Ал Асқартегі әзірге оқырмандарының пікіріне қатысты нақты ештеңе айтпады. Еске салсақ, Әсел өткен жылы екінші рет тұрмысқа шықты. Еске салсақ, оның алғашқы некесінен Арыстан атты бір ұлы бар.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться