Рианнаның Жаңа жылға жоспары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Рианнаның биылғы жаңа жылға жоспары келелі. Күні кеше Батыстық БАҚ-қа сұқбат берген әнші, осы мерекеде ешқандай шектеудің болмайтынын айтқан. «Грэмми» премиясының 9 дүркін иегері: «Жұмыс деп жүріп, кейде бар қалауымыздан бас тартып жатамыз. Ол қате. Осы жолы бір арманымды орындағым келеді. Үлкен бургер мен қасына кола аламын да, асықпай кино көремін», – дейді.

«Фантастические твари» фильмінің жаңа актерлық құрамы белгілі болды! Атақты туындыға ресейлік Александр Кузнецов түсіп жатқанға ұқсайды. Бұл жайлы Ксения Собчакқа берген сұқбатында, режиссер Александр Молочников айтып берді. Бірнеше айдан бері Ұлыбританияда жүрген Кузнецов, әзірге бұл ақпаратты ресми түрде растамады.

Жаңа жылда өзгеремін! Бұл белгілі актер Том Круздың соңғы берген сұқбатында айтқаны. Голливудтағы ең мінезі ауыр әртістердің санатына жататын Том, тіпті талай рет түсірілім алаңынан кетіп қалғанға ұқсайды. Сондықтан да, көп кинопродюсерлер оған ассистент іздгенде қиналады екен. Бәрінен хабардар Круз: «Мен де өзімнен шаршадым. Бірақ көніп жүрмін ғой», – деп әзілдеген.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться