Ким Кардашьян мен Канье Уэстпен ажыраспақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Бұдан былай шыдай алмаймын!» Ким Кардашьян күйеуі Канье Уэстпен

ажырасуға бел буғаны туралы дәл осылай деп, жеткізді. Әлемге әйгілі сәнбике соңғы 1 жыл бойы жарымен қарым-қатынасының бұзылғанын айтып көпшілікті таңқалдырды.

Атағы асқақтаған жұлдызды жұп: «Бұл жолы нақты, заңды түрде ажырасамыз», - деп бекініп отыр. Тіпті, Ким Кардашьян ол үшін америкадағы ең танымал адвокат Лору Вассерді жалдап, іске кірісіп кеткен көрінеді.

Еске салсақ, рэпер Канье Уэст пен Ким Кардашьянның екіге айрылғаны туралы «Page Six» порталы алғаш болып айтқан еді. Инсайдерлердің мәлімдеуінше, Ким Каньенің АҚШ президентіне үміткер болғаны үшін бұл істі кейінге шегерген.

Бүгінде қос тараптың дүние-мүлігін бөліп алу жайында заңды түрде іс қозғалған. «Forbes» пайымымен ең бай жұлдыздар қатарына жататын жұптың бір жылдық табысы аз емес. Мәселен, Кимнің қаражаты 2020-шы жылы басы-қасы 900 мың долларды құраса, Канье 1,3 млрд долларға қалтасын қалыңдатқан.

Бір қызызы, Ким мен Канье 2014-ші жылы үйленген сәтте, неке келісімшартына отырған. Құнды құжатта қос тарап ажырасқан жағдайда ортақ балалары анасының қарауында қалса, Канье жеке бизнесі мен одан тапқан қаражатын өзіне қалдырады деп шешілген. Ал 60 млн долларлық үйде Ким балаларымен қалмақ.

Көпшілік Кардашьян-Уэст отбасының ажырасу себебін топшылап әлек. TikTok-тағы танымал блогерлер Каньенің 35 жастағы Джеффри Стар есімді ер азаматпен көңіл жарастырып кеткені туралы қауесет таратқан. Ал кей инсайдерлер рэпердің жүйкесінің жұқарғанын, оған Кимнің шыдамағанын айтуда. Алайда, қос жұлдыз екіге айрылу себебін әлі күнге түсіндірмеді.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться