«Салют, Вера» трегіне кавер орындаған Mona Songz iTunes-те бірінші!

Сообщить о проблеме с эфиром

Валерий Меладзенің «Салют, Вера» трегіне кавер орындаған – Mona Songz-тың бүгінде жұлдызы жанып тұр. Ескі әнге жаңалай жан бітіп, талай музыкалық платформаларда көш бастауда. Мәселен туынды: Ресей, Украина, Белоруссия, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Әзербайжан секілді елдерде «Топ 10»-қа жайғасқан. Ал Қырғызстан мен Қазақстанда iTunes-тың алдыңғы орнын бермеуде.

Жаңа жылда жаңалық болған Ирина Кайратовнаның «5000» атты трегі.

Туынды бір аптаның ішінде 2,5 миллион қаралым жинап, ютуб трендінде үздік үштікке енген. Талай дүниені бір клипке сыйдырған жігіттерге жұрт алғыстарын жаудыруда.

Жуырда ғана ИК-мен коллаб ұсынған «NINETY ONE»-дық жігіттер де шептен шеткері емес. Отандық бойзбендтен «ВВС» порталы сұқбат алды. Британдық медиа корпорация ұсынған мақалада, олардың сырт келбеті үшін сынға ұшырағаны, топтың талай текетіреске төтеп бергені және соның арқасында тіпті шет елдерге танылғандығы айтылған.

Тағы бір тың, таңдандырған ақпарат Димаш Құдайбергеннің 20 қаңтар күні басталатын, АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясын тойлау апталығының ашылу салтанатына қатысатындығы. Димаш бұндай ірі шарада бой көрсететін, тұңғыш қазақстандық әртіс болмақ. Бірақ марапат жаһандағы жағдайға орай, онлайн форматта өтеді екен.

 

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться