Әлемге әйгілі «Billboard» музыкалық чартының үздік үштігінде The Weeknd
«Blinding Lights» трегімен жайғасты. Канадалық музыканттың дәл осы әні бір жыл бойы трендтте. 2019-шы жылдың қараша айында жарық көрген туынды әлі күнге дейін 30 мемлекеттің музыкалық чартында топ жаруда. Тіпті, The Weeknd бір емес бірнеше ай қатарынан «Billboard»-тың тізімінен түспеген тарихтағы алғашқы өнерпаз атанып отыр.
Арина Гранде су жаңа «Positions» әнімен екінші сатыда! Поп-орындаушының аталмыш трегі өзінің қазіргі ғашығы Далтон Гомеске арналып жазылған. «R&B» мен «трэп» жанрын тоғыстырған композиция тұсауы кесіле сала 7,5 млн рет тыңдалған. Ал тың туындыға арналған бейнебаян 2 айда 193 млн қаралым жинап үлгерді.
«Billboard» хит-парадында америкалық рэпер 24kGoldn көш бастап тұр. Голден Лэндис фон Джонс есімді музыканттың Iann Dior мен бірігіп орындаған «Mood» әні тыңдарманның көңілінен шыққан-ды. Бір қызығы, 20 жастағы қос рэпер шығармашылықтарын бір жыл бұрын ғана бастаған. Соған қарамастан, өнерпаздар бірден «Billboard» чартынан табылып отыр.
Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться
Вы можете оставить комментарий как
ГостьИспользовать учетную запись НТК