Мейіржан Төребаев неліктен бала күтушілеріне сенбейді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Таяуда ғана тұңғыштарын бауырына басқан Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым бала күтушісіне жүгінетін көрінеді. Жұлдызы жұп толассыз түсірілімдерден қол босамаған сәтте, бөбектерін қарайтын адам керегін айтады.

Айдар & Жарқынай, жұлдызды жұп:

- Негізінде енді жұмыс істеп, көп жұмыс атқаратын адамдарға күтуші керек дегенмен де ата-анамызға әрине сенеміз, бірақ ол кісілер үлкен кісілер болғандықтан кейде уақыты болмай қалады, кейде денсаулығы болмай қалады. Сондықтан күтуші керек. Бізде бар бірақ ол әрқашанда бола бермейді, ең бастысы ол адамгершілікке қарау керек.

Ал, көпбалалы әке Мейіржан Төребаев болса, бала күтушіге аса сене бермейтінін айтады. Актердің пікірінше, бала үшін ата-ана мен ет жақындарынан асқан адам жоқ.

Мейіржан Төребаев, актер:

- Негізі қорқасың нянкалар қалай болады. Түрінен қарасаң жақсы сондай, а біздер жоқ болсақ не істейді ол ішінде не бар там загадкалар көп қой. Оны мен негізі қорықтым негізі айтқаннан шын айтсам. Данаға айттым сен абайлап қара, вдруг может нянкасыз жүрейік деп.

Танымал блогер Сабиркин балаларына өзі бас көз болып отыратынын айтады. Желі жұлдызы бөбектерінің тәрбиесіне өзгенің араласқанын қаламайды екен.

Сабира Жалғасова, актриса, блогер:

- Қазіргі таңда күтушім жоқ. Баламды, балаларымызды енді мамамыз бар көмектесетін адамдар бар. Сол себепті әзірше маған бала күтуші керек емес.

Сабира: «Шығармашылық пен отбасын қатар алып жүру мүмкін», - деген пікірді ұстанады.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться