«Sex and the City» телехикаясының жалғасы таспаланбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көптің көзайымына айналған «Sex and the City» телехикаясы көгілдір экрандарға қайта оралмақ! Жағымды жаңалықпен Сара Джессика Паркер, Синтия Никсон мен Кристин Дэвис әлеуметтік желіде бөліскен еді. Алайда, аты аңызға айналған сериалдың жалғасы Самантасыз, яғни Ким Кэтролсыз таспаланбақ. Әйгілі актриса шоудың жалғасында төбе көрсетуге өз еркімен бас тартқан көрінеді.

Құрбылардың достығы туралы туындының жалғасына киногерлер осы жылдың көктемінде кіріспек. Сюжет желісі Нью-Йорк қаласында өрбиді. Ал сериалдың жаңа бөлімі «And Just Like That…» деген атауға ие болған. Ондағы әрбір эпизодта төбе көрсеткендері үшін, бас кейіпкерлер 1 миллион доллар ганорарға ие болмақ.

Еске салсақ, көрермен қауым, әсіресе әйелдер арасында үлкен сұранысқа ие болған сериал Кэндес Бушнеллдың романының желісімен, 1998 жылы таспаланған еді. Кезінде тыңнан түрен салған телехикая жеті «Эмми», және сегіз «Алтын Глобус» мүсіншесін еншілеген-ді.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться