«Бір болайық» тоғызыншы тойға дайындалып жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Бір болайық» бағдарламасында «Махаббат үштігі» пайда болды. Бүгінде екі бірдей ару, Айдос есімді жігітке көңіл білдірген. Бірақ сол сылқымдардың бірі – Анель, айтқан сөзінен бүгінде бас тартқысы келетіндей.

Анель Азимова, қатысушы:

-Жалпы махаббат үштігі деп айтып жатыр ғой мысалы... Менің неге бұл нәрсені айтпай қалуым керек деп, жасырып қалуым керек деген оймен айтылды. Мен қандай да бір, қатты қызғанамын, не болмаса Айдос маған ұнайды дегендей келтіріп айтқан жоқпын.

Бар машақатқа себепкер – Айдос, сол жағдайдан кейін Анельдің өзінен алыстап кеткенін айтады. «Мен екі қызбен де сөйлесіп көремін. Танып-білу үшін уақыт керек», - дейді ол.

Айдос Әшір, қатысушы:

-Үміт бергенде, ол жерде мен жәй ғана, қызға «Сен маған ұнайсың, былай внешне ұнайсың»,-деп айтқан болатынмын. Сосын ол қыз кішкене басқаша қабылдап қалған сияқты. 00:39 – Мадонна ол маған үміткер болып келген кезде, жаңағы қыз алады да: «Осылай-осылай сен маған ұнайсың деп айтқансың. Неге ары қарай соны апармадың. Еркек емессің ба?!» деген сондай әңгімелер шығып кетті.

Ал күні кеше сүйіктісін ата-анасымен таныстырған Ерасыл, кездесудің сәтті өткенін айтады. «Диана әке-шешеммен таныстырған, алғашқы ару» , - дейді «Бір болайық» қатысушысы.

Ерасыл Жазықбаев, қатысушы:

-Ешқандай қызыммен таныстырған жоқпын. Таныстыратын да ондай мүмкіндік те болған жоқ. «Тойға дейін барам, серьезный қадам болады. Бұйыртса той болады» дегендей. Бірінші, алғашқы рет таныстырайын деп тұрмын Диананы.

Таныстықта қатты қобалжығанын айтқан Диана да, келешекте сүйіктісін анасымен таныстырмақ ниетте екен. Айтпақшы, егер Ерасыл мен Диана шаңырақ көтерер болса, бұл бағдарламадағы 9 той болмақ. Бірақ қатысушы үлкен мерекенің ауылы алыс екенін айтады.

Диана Ерболат, қатысушы:

-Анаммен таныстыру ойда бар. Бірақ уақыт көрсетеді, қай уақытта екенін. 03:39 – Асығыстық жоқ әлі Ерасыл жақтың ата-анасымен енді танысып жатырмыз ғой. Менің ата-анамның әлі рұқсатын алған жоқпыз деген сияқты.

Ал төртінші маусымның, рекордтық сегізінші тойы – Олжас пен Жанеркеге тиесілі. Жобада жұп болып, үлкен өмірге қадам басқан олар, бақытты екендерін айтады.

Олжас Ходжаев, экс-қатысушы:

-Өте керемет отбасылық өмір. Мен шын жүректен қуаныштымын. Өйткені өмір бойы анама ұқсаған қызды іздегем және де сол қызды осы «Бір болайық» бағдарламасынан таптым.

Батыс өңіріне келін болған Жанерке, алғашқы әсерімен бөлісті. «Ырым-тыйымдары. Салт-дәстүрлері өте ерекше екен», - дейді ол.

Жанерке Кеншимбаева, экс-қатысушы:

-Біз екеуіміз, аэропорттан Ақтаудан түскен кезде, домбырамен күтіп алды, шашу шашты аэропортта. Машинадан түскен кезде, басыма бірден орамал салды да, шымылдықпен күтіп алды. Сол шымылдықты артымнан алып жүріп, үйге дейін шымылдықпен бірге дейін бардық. Мен шынымды айтсам таңғалдым. Өйткені өмірі ондайды көрмегем.

«Бір болайық» бағдарламасының көрерменіне жағымды жаңалық! Көптің көзайымына айналған жоба енді аптасына 6 рет, яғни сенбі күні де жарыққа шықпақ.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться