«Марвел» киностудиясы 2021 жылы қандай фильмдер ұсынбақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ерлер ғана емес, әйелдер де енді суперқаһарман! Марвел киностудиясының биылға құрған жоспарлары жетерлік. Мәселен, Скарлетт Йоханссон әлемді қауіптен құтқарып, өз өмірін жан пида етпек. Голливуд жұлдызы басты рөлді сомдайтын «Қара жесір» лентасы 2021-ші жылдың көпткен күткен фильмдері қатарында. Фантастика – жарынан айырылып, құбыжықтармен өз бетінше күресуді қолға алатын батыр қыз жайында. 2004-ші жылдан бері жоспарда болған туынды 7-ші мамыр жарық көрмек.

Тағы бір батыр ару «Мисс Марвел»! Су жаңа картина Камала Хан есімді қыздың бастан кешкен оқиғасын баяндайды. Тың туынды «Капитан Марвел» фильміне тікелей қатысты болмақ. Себебі, лентадағы бас кейіпкер Камала, сюжет бойынша Кэрол Дэнверспен кездеспек. Фантастиканың тұсауы Disney+ платформасында дәл осы жылдың соңында кесіледі деп жоспарлануда.

Анджелина Джоли мен Сальма Хайек та суперқаһармандар қатаныда! Қос актриса бас кейіпкер атанған «Мәңгілік» лентасы 5-і қарашадан бастап киномандардың назарына ұсынылмақ. «Кек алушылар: Соңы» фильмінің жалғасы саналатын картина, жер шарындағы алып күшке ие жандар туралы. Олар өз мүмкіндіктерін енді зұлымдықпен күресу үшін жұмсамақ.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться