Әлемге әйгілі тик-токерлер кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Чарли Дамелио күллі тиктокерлердің пір тұтатын тұлғасы десек, артық айтпаспыз! Себебі он алты жастағы америкалық биші аталмыш желіде 100 млн. оқырман жинаған алғашқы адам. Ең қызығы Чарли тек 2019 жылдан бастап белсенді түрде видео таспалауға кіріскен. Интернеттің арқасында әлемге әйгіленген ол, бүгінде кітап жазып, аудиоподкасттар ұсынып жүр.

Камера алдында барын сала билеп, көптің көңілін көтергеннің тағы бірі – Эдисон Рае. 14 жасынан бастап инстаграмның жұлдызына айналған аруға Тиктоктың белесін бағындыру қиынға соқпаса керек. Желі жұлдызы небәрі 1 жылдың ішінде 70 млн. фолловер жинап үлгерген-ді.

Үздіктер үштігін Зак Кинг түйіндейді! Өзге тиктокер әріптестері мектеп немесе балабақшаға енді барып жүргенде, Зак миллиондағаy қаралым жинауға кіріскен. 30-дағы контентмэйкерді көпшілік бұрыннан «сиқыршы» ретінде жақсы таниды. Өнер иесі видеомонтаждың көмегімен ерек видеолар әзірлеп, күллі фалловерлерін таңқалтудан шаршамақ емес. Оның оқырман саны – 53 млн.

Танымал тиктокерлер қатарында сондай-ақ, Лорен Грэй, Спенсер Найт, әр видеосын хайпқа айналдыра алатын Белла Порч та бар. Айтпақшы, еске салсақ ару алғашында АҚШ-тың әскери флотында қызмет еткен екен.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться