«iTunes Global» чартының үздіктері кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Оливия Родригоның «drivers license» әні осымен бір ай бойы «iTunes Global» чартының көшін бастап келеді. Таңқаларлығы, бұл

небәрі 17 жастағы әншінің дебютты туындысы. Аз уақытта-ақ шартарапқа аты жайылып, әлемге әйгіленген ару трегі шыға салып, сұранысқа ие болады деп ойламаса керек. Еске салсақ, Оливия бұған дейін актриса ретінде телехикаяларда төбе көрсетіп келген.

Рэпер бикеш Cardi B де қалыс қалмақ емес! Оның су жаңа «Up» композициясы музыкалы тізімнің екінші сатысында. Соған қарағанда, тыңдарман арудың адуынды шумақтарын сағынса керек. Трекке таспаланған бейнебаянда бұл күндері рекорд орнатуда. Украйндық Таня Муиньо режисерлық клип бір тәулікте 10 млн-нан аса қаралым жинаған.

Үздік үштікті Pooh Shiesty мен Lil Durk-тің ортақ фиты қоыртындылайды! «Back In Blood» атауына ие болған әнді, қос өнерпаз өнердегі марқұм достары Король Чикаго Фонға арнап шығарған-ды. 1 ай бұрын тұсауы кесілген туынды бүгінде әлемнің әр түкпірінде хит атануда.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться