«Бизнес по-казахски» жұлдызы Рамазан Амантайға арықта деп талап қойылғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Құр сүйегі қалған Данияр Алшыновтың мына бір фотосы көпті қатты таңырқатқаны анық! Актер мұндай жанкештілікке Әділхан Ержановтың «Оңбағандар» атты фильмі үшін барған болатын. Еске салсақ, 20 келіге жуық арықтаған Алшыновтың бұл рөлге бола алғаш рет сырт пішімін өзгертуі емес.

Рамазан Амантайға да кезінде дәл осылай талап қойылған-ды! Алайда ол: «Ел есінде томпақ бала кейпімде сақталдым», - дейді. Сондықтан актер әзірге артық салмағынан арылуға құлықсыз.

Рамазан Амантай, актер:

- Мен енді жалқаулығым басым адаммын ғой. Сұраған кездер болды, бірақ андай бір талап қойылып осындай болып деген сияқты деген емес, халыққа қызық болсын деген сияқты бір жаңағыдай. Осы жазда бір болды Нұрлан аға сүйтіп не істеген опрос деген сияқты, қызық қып істеді.

Еске салсақ, бүгінде Рамазан «Бизнес по-казахскидегі» Еркош кейіпкеріне негізделген су жаңа «I go to school» фильмінің түсірілімінде жүр. Түркияның Алания қаласында таспаланып жатқан туынды үшін де, актер алғашында арықтауы тиіс болған.

Есесіне, Зарина Омарова өнеріне бола бәріне де дайын болған! Әнші сахна үшін жарының кеңесімен диета ұстап, 10 келіден арылған.

Зарина Омарова, әнші:

- Енді адамның өзіне байланысты сен өміріңді қалай істегің келеді. Әдемі болып жүргің келе ма, басқаша өмір сүргің келе ма, барлығы адамның өзіне байланысты сол себепті өз-өзіңді күтім жасап, ұшақ деген бар бізде, анда-мында жүргеннен кейін оның барлығы бет-әлпетіңе, фигураңа бәрі әсер етеді.

«Сахнада мінсіз көріну керек» дегендердің тағы бірі - Калия. Өнер иесі бүгінде дене бітімінің көрікті көрінуі үшін тағамды талғап жейді. Калия тіпті жарты тәулік аш жүремін деп отыр.

KALIYA, әнші:

- Маған ұнайтыны ол «интервальное голодание» деп айтылады. Тек қана 8 сағат тамақтанамын. 12 сағат тамақ ішпеймін. Тек қана су ішемін. Маған сол жағымды да, қолайлы да және енді мен спортпен айналысуға тырысамын.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться