Анасының арқасында танылып жүрген жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ет жақынының қолдауымен өнерде жолы болған танымалдар жетерлік! Мәселен, Қайрат Нұртасты күні бүгінге дейін «анасының баласы» деп атайтындар көп. Өнер иесі де жүрген жерінде ең бірінші продюсері, анасы Гүлзира Айдарбекқызына алғыс айтудан шаршамақ емес.

Назым Әбілдинаның да өнерге келуіне танымал анасы сеп болды. Режиссер Ғалия Байбосынова тұңғышын әуелде көпшілікке жүргізуші ретінде танытса, бой жете келе әнші ретінде қалыптасуына көмектесуде. Экс-Кешьюлік бикештің бүгінгі продюсері де, кеңесшісі де анасы.

Назым Әбілдина, «Kesh You» тобының экс-әншісі:

- Аудиториям менімен бірге, өсті деп ойлаймын. Сахнада мен 7 жасымнан бері жүрмін. «Айгөлекті» кім көрмеді десек болады әлі күнге дейін, жаңағы далада жүрсем де, универде болсам да: «Ой қызымыз Айгөлектен ғой, саламатсыз ба, сіз Айгөлектен сіз ғой», - деп мені Айгөлектен таниды негізі, Кешьюден емес.

Данелия Тулешованың да бүгінгі жетістігі ет жақыны Еленаның арқасы. Қызын 3 жасынан түрлі үйірмелерге қатыстырып, бойынан өнерін байқаған анасы - Данелияның ең бірінші көрермені әрі қолдаушысы.

Данелия Тулешова, әнші:

- Карантин уақытында мен бір емес бірнеше ән жазып тастамдым және ол менің аудиториямның көңілінен шықты. Қатты қуаныштымын, бұл маған шабыт сыйлайды.

Динара Сәтжан болса, қызы Диананың әуелде балерина болғанын қалаған. Десе де, кішкентай арудың таңдауы балетпен қатар, сән сахнасына түсіп отыр. Диана анасының ықпалымен 5 жасынан бастап талай фэшн көрсетілімнің шымылдығын түріп үлгерді.

Динара Сәтжан, дизайнер:

- Бәріміз балаларымызды жақсы көреміз. Бірақ баламызға кроссовки кигізіп, қандай киім киесің, не жасайсың, соның барлығын жасамау керекпіз. Өйткені бала 18 жасында өзі өмірін қалай сүрем, қайда оқим, не жасаймын оның барлығын өзі білу керек.

Софи Манасянның анасы болса, қызы үшін шетелде тұрып, өзге тілді меңгеруге мәжбүр болған. Бүгінде АҚШ-та тұратын жас өнерпаз «America’s Got Talent» шоуына шақырту алып, әйгілі «Barbie» компаниясының бет-бейнесі атанған. Биші арудың инста-парақшасын күні бүгінге дейін Ольганың өзі жүргізеді.

Софи Манасян, биші:

- Мені қолдағандарыңызға алғысым шексіз. Бұл маған шабыт сыйлайды. Қазақстан, мен сені жақсы көремін!

Ғаламторда ауқымды аудиториясымен көпке танымал кішкентай вайнер Аминка-Витаминканың өзі секілді 2 сіңлісі бар. Барлығының да парақшаларын жүргізіп, оларға қызықты вайндар ойлап табатын анасы Арай Малгаждар. Бүгінде Аминоканың аккаунтында 1,2 миллион оқырман болса, Адинаны 500, ал Аружанды 300 мыңға жуық фолловер оқиды.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться