Дариға Бадықова сахнаны саудаға алмастырғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Дариға Бадықова күні кеше жаңа кәсібінің ашылу салтанатын өткізді. Бала күнінен әртіс атанбасам, саудагер боламын деп армандаған актриса: «Бизнес өзіме ұнайды», - дейді.

Дариға Бадықова, актриса:

- Жалпы бала кезімде әртіс болмасам, саудагер боламын дегем. Ойландым, осындай түсірілімдер болмай қалса, отырам ба қарап осындай дүние ашсам ба екен деп деген ой келді. Жарты жылдай ойда жүрдім.

Еске салсақ, актриса бұған дейін өнер мектебін ашқан болатын. Алайда карантин кесірінен ол кәсібі тұралап, тіпті толығымен жабуға тура келген. Сондықтан да өнер иесі «шығармашылықтан бөлек, табыс әкелетін бизнесті ашуға ұйғардым»,- дейді.

Дариға Бадықова, актриса:

- Сауда деген негізі аш қалмайсың ғой, әйтеуір несібеңді қай жерден бұйырады, сол жерден тауып жейсің да. Сол жағынан келгенде маған сауда қатты ұнады. Аз кетті деп айта алмаймын, көп кетті өзімнің жинағаным бар и спонсорлар бар.

Қайрат Әділгерейдің пікірінше, танымал адамдарға кәсіп бастау әлдеқайда оңайырақ. «Көз-қорқақ, қол – батыр» деген актер: «Бизнеске келгенде әзірге тәуекелге бел буа алмай келемін»,- дейді.

Қайрат Әділгерей, актер:

- Қарапайым халыққа қарағанда өнер адамдарына осындай кәсіп ашу өте оңай ғой. Өйткені оның артында аудиториясы бар, жақсы көретін көрермені бар. Менің бизнесім қазіргі кезде осы бойымдағы өнерім, талантым. Білмеймін қай саладан бастауға болатынын тамақ дейін десем, қорқынышты біреу уланып қалып жатса, тағы бірдене болып жатса бәле ғой жауап беру керексің ғой.

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева болса, керісінше барлық өнер адамының қолынан кәсіп келе бермейтінін алға тартады. «Қанша жерден атақты болып, миллиондаған оқырманың болса да, сауданың иісі мұрныңа бармаса, оныңнан түк шықпайды»,- дейді.

Жұлдызай Дүйсенбиева, актриса:

- Сауда менікі емес, мен білмеймін айта алмаймын. Сауда жасай алмаймын. Мәселен, өнердің өзі біреуге қонады, біреуге қонбайды ғой. Сол сияқты маған сол өнерді ғана қондырып, дүкеншілікті қондырмаған-ау деймін.

Еске салсақ, карантин кезінде сахнаны саудаға алмастырған танымалдар жетерлік. Мәселен, Арман Қоңырбаевты қысыл-таяң кезеңде киім дүкені құтқарса, Сәкен Майғазиев дәрі-дәрмек, қымызбен, продюсер Алуа Қонарова болса, Түркияда жылжымайтын мүлік сатумен айналысып жан бақты.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться