Желідегі қаралым үшін жанкештілікке әзір жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Трендттен түспес үшін ашық-шашық образдарымен көзге түсіп жүрген әртістердің тағы бірі – Say Mo! Рэпер әр бейнебаянында өз образдарымен көптің талқысына түсіп жүр. Хип-хоп орындаушының әсіресе «Bisharashka» клипін 5 млн-нан аса көрермен ташалаған-ды.

Сара Амангелді болса: «Желідегі аудиториясы үшін жалаңаштанып жүрген шоу-бизнес өкілдерін сөге алмаймын», - дейді. Себебі, әнші кезінде «Лашын», «Кеш YOU» тобында өнер көрсетіп, түрлі образдада сахнаға шыққан еді. Сараның айтуынша бұл әркімнің өз таңдауы.

Сара Амангелді, әнші, актриса:

– Мен ойлаймын енді әр адамның өзінің өмірге деген көзқарасы әр түрлі. Бәріміз бірдей емеспіз. Сондықтан да әркімнің өзінің жаңағы таңдауы бар. Мүмкін оған ұнайтын шығар, мүмкін олай тәрбиелеген шығар, бұл жерде енді ешкім ештеңе деп айта алмаймын.

Ал, өнерде талай әртіске продюсерлік етіп жүрген Ерлан Әлімов рейтинг үшін мұндай қылықтарға баруды құп көрмейді. Медиа тұлға «трендке талантпен де шығуға болады», - дейді.

Ерлан Әлімов, продюсер:

- Әрқайсысы өзі біледі не істейтінін. Ол маған дым қатысы жоқ, менің өзімнің жеке өмірім бар, менің жеке жанұям бар, достарым бар. Менің сөзім өтетін жағдайда мен айтамын. Осылай жігіттер жасамай-ақ қойыңдар деп.

Есесіне, Ерлан жетекшілік ететін Зируза бүгінде танымалдардың қаралым үшін түрлі қылықтарға баратынына қарсы емес. Q-pop ханшайымы үлгі аларлық дүние болса жеке өмірін де көрсетуге дайын.

Ziruza, әнші:

– Пікірім жақсы, өйткені мысалы болады кейбір жаңағы қыз бен жігіт өздерінің жақсы жақтарын көрсетіп жатады. Немесе көңілді өмірден алынған кейбір жаңағы моменттер дейді соны көрсетсе, әрине өздеріне ыңғайлы болса, көрермендерге де ұнап жатады.

«Өмірін емес, өнерін талқыға салсын!» Дәл осылай өзінің пікірін білдірген Нұрболхан Шарап жұлдыздардың рейтинг қуалап кеткеніне қапалы. Әзілкеш: «Олар мұндай әрекетпен халықтың сүйіспешілігіне емес, сынына қалады», - деп отыр.

Нұрболхан Шарап, әзілкеш:

- Сол нәрседен біз кішкене айтып та жатырымз ғой немене бәле ол деген сияқты. Көрсетсе кәдімгідей өмірін көрсетсін, а ол сондай нәрсені көрсеткеннен кейін халық объязательно олардың жеке өміріне өтіп кетеді да. Уже анандай жеке өмірін талқылап кетеді. Ол деген дұрыс емес деп ойлаймын. Халық талқылай ма тек өнерін талқыласын.

Нұрболханның айтуынша көпшілік алдында жүрген соң, үлгі бола білу маңызды.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться