Димаш Құдайберген «Youtube» платформасының «Алтын батырмасына» ие болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

1 млн оқырман! «Youtube» платформасындағы арнасында дәл осынша жазылушы жинаған Димаш Құдайберген «алтын батырмаға» ие болды. Әлемнің әр түкпіріндегі тыңдарманды тоғыстырған музsкант жағымды жаңалығын желі арқылы жеткізіп, фалловерлеріне алғыс айтуды ұмытпады.

Димаш Құдайберген, әнші:

- Құрметті достар бұл бейнетаспаны түсіріп отырғандағы мақсатым – сіздерге алғыс айту. Ең алдымен менің кішігірім өнеріме баға беріп, әрқашанда «осы баланың болашағы жарқын болсыншы» деп тілеуімді тілеп отырған әрбір әлем бойынша тыңдармандарыма шын жүректен мың мәрте рақмет айтқым келеді.

Бұған дейін Марат Оралғазин «алтын батырмаға» ие болған алғашқы шоумен атанған еді. Әйгілі әзілкеш 1 млн оқырманды қызықты контент арқылы жинаған. Одан бөлек, Марат: «Youtube»-та сұраныста болудың құпиясы белсенділік», - дейді.

Марат Оралғазин, шоумен, әзілкеш:

– Бұрын трендті ашып қалсаң, Ресейдің видеолары тұратын еді, қазір енді қазақша сериалдар, осыдай бағдарламалар көп шығып жатады. Сол қуантады. Демек біз өзіміз енді өндіруші ретінде қазақ тілді контент көбірек шығарумыз керек.

Ал балалар арасында трендттен түспей, миллиондаған қаралым жинаған алғаш Аминока болды. Күлкілі вайндар арқылы танылған балақайдың бүгінде 5 жарым миллионнан астам фалловері бар. Кішкентай блогердің анасы youtube-тың арқасында әйгіленіп, табыс тауып отырғанын жасырмайды. Амина кезінде өзінің бір-ақ «Лада седан» видеосымен күллі ТМД-ны шулатқан еді.

Арай Малғаждар, Әминаның анасы:

- Бастапқы уақытты опыты болмағандықтан, әрине бастапқы уақытта аз төледі. Қазір енді өзіміздің гонорарымызды қоямыз. Мысалы, клиптарға бір баға болса, рекламаға басқа баға, актерский бағасы басқа, фильмдерге түсу.

Еске салсақ, «уoutube» платформасы 1000 қаралымға 2 доллар төлейді. Одан бөлек, аталмыш арна арқылы табыс табудың тағы бір жолы видео барысында көрсетілетін жарнамалық роликтер. Алайда, желі жұлдызы Daricorn елімізде контентті монетизациялау әлі дұрыс жоға қойылмағанын алға тартады.

DARICORN, әнші, блогер:

- Ондай платформалардан көп ақша табады деп ойламаймын. Ну проценттар кішкене түсіп тұратын шығар. Бір 30 мыңдай айына. Ал менің ойымша табыс көзі, осындай выступление сахнаға шығып ән айту деп ойлаймын.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться