Лондонда сән апталығы өтуде!

Сообщить о проблеме с эфиром

«London Fashion Week» биыл өз шымылдығын онлайн форматта түрді! Соған қарамастан, әлем сәнқойларының назарын шоуға аударта алды.

Сән көрсетілімдердің бірін де жібермей бақылайтын Виктория Бэкхэмге де диджитиал форматты місе тұтуға тура келді. Алғашқылардың бірі болып топтамасын таныстырған дизайнер минимализмге ден қойған. Сәнгер жаңа үлгілерінде қызыл түске таңдау түсіріп, киімнің түрі емес, сапасына мән беруге шақырды.

Фэшн уикте көзге түсе алғандардың тағы бірі - Matty Bovan бренді. Сән әлемінің вундеркинді саналатын дизайнер жаңа топтамасында экология тақырыбын қозғаған. Дизайнер келер қыстың гардеробы тоқылған киімдерден құралса екен дейді.

Әсемдік әлемінің фригі Vivienne Westwood-тың да бұл маусымда айтары бар! Дизайнер карантин кезінде күйзеліске тап болған жандарға арнап коллекция әзірлеген. Шебер депрессиядан айғудың бірден бір жолы сәнді киіну деп санайды. Корсет, жібек мата, әсем көйлектер. Вивьен бұрыңғы трендттерді қайта жаңғыртқысы келгендей.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться