Динара Сұлтан бастаған әншілер фонограммаға қатысты заңға пікір білдірді!

Сообщить о проблеме с эфиром

2020 жылдың соңынан бері, шоу-бизнес өкілдерінің дегбірін алып келе жатқан «Фонограмма» заңына әлі де келелі нүкте қойылмады. Бірақ заңнамаға толық бекіп үлгермеген ережені, қолдаушы әншілердің қарасы көп. Мәселен, музыкант Ерлан Байбазаров: «Мүмкіндігің бола тұра, әнді тірілей айтпау, тыңдарманға деген сатқындық», - дейді.

Ерлан Байбазаров, әнші:

– Сен әнші болғаннан кейін, мейлі қай жерде ән айтасың, концерттер бересің. Қонаққа барып бір жерге айтасың. Сен әнші бола тұра, өзіңнің жан дүниеңді, эмоцияларыңды сыйлау керексің. Меніңше, фонограммамен айта тұра, ол мүмкін емес. Мысалы шынымен жанды дауыста айтатын әншілерді, тыңдап отырсаңыздар жұрт рақаттанып тыңдайды ғой.

Әріптесінің пікіріне, Динара Сұлтан да келіседі. «Бәріне жанды дауыста айту деген талап қойылса, онда шоу-бизнес біраз тазарып қалар еді»,-дейді Динара. Бірақ әнші фонограммаға амалсыздан жүгіну керек кездерді тізбектеп берді.

Динара Сұлтан, әнші:

– Мен «фонограмманы алып тастау» деген заңды қолдаймын. Өйткені фонограмма – адамды алдау. Басқа халықты алдайды. Келген халыққа «фонограммамен айтып тұрмын» деудің өзі де, ұят нәрсе. Сондықтан мен ойлаймын, бұл фонограмма деген тек қана съемкаларда, телевизиялық дыбысы жетпейтін жерлерде фонограммамен айтуға болатын шығар.

Ал продюсер – Ерлан Әлімов шикілігі көп, шешілмеген заңға қатысты қандай да бір нақты пікір айтудан аулақ екен. Бірақ Әлімов, қарамағындағы әртістерге «Мейілінше жанды дауыста айту» деген талап қоятын болып шықты. Қала берді, Ерлан мырзаның көптеген концерт ұйымдастырушыларға да, қояр өз шарттары бар.

Ерлан Әлімов, продюсер:

– Керек па, керек емес па деп айта алмаймын. Бірақ басынан бастап, өз өзіме және Зирузаға талап қойдым. Егер концерттер болатын болса, жанды дауыста айтуға тырысамыз. Ол тек қана техникаға байланысты шығар. Ұйымдастырушыларда сондай бір мүмкіндік болмаған жағдайда ғана, плюспен дейміз ғой, плюспен айта береміз. Бірақ мен көп ұйымдастырушыларға сондай талап қоямын.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться