Әртістерге бәсекелес болған вайнерлер кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Алғашында инстарамдағы вайндары арқылы танылған Zheka Fatbelly бүгінде талай хиттың авторы. Желі жұлдызының тректері жастар арасында кеңінен танылып, тик-ток желісінде трендке айналуда. Жеңіс Омаровтың айтуынша, музыкаға бет бұруына балалық арманы себеп болған.

Zheka Fatbelly, блогер:

- Мен әрдайым ән айтқым келетін. Себебі вайннан біз көрерменді шаршаттық, жаңашылдық қажет болған соң музыкамен айналыса бастадым. Алғашында әрине қаржы жағынан бейнебаян таспалау қиынға соқты.

Zheka ғана емес, оның әріптестері «Jokeassas» командасының жігіттері де өздерін музыкада байқап көруде. Блогерлер әзілмен ән шығарып тіпті оған бейнебаян да таспалап ғаламторда ауқымды аудитория жинаған-ды. Бүгінде ұжым мүшелері Бексұлтан мен Жандос өздерін әр салада байқап көруде.

Бексұлтан мен Жандос, «Jokeassas» командасының вайнерлері:

- Өйткені ол оңайырақ. Біздің шығармашылығымыздың жаңа қырларын ашамыз өзіміздің. Біз ютубқа бәрін жазамыз өзіміз түсіреміз да, бізде ешқандай бір нелер жоқ. Өз-өзіне бай өз-өзіне қожа дейді ғой.

Ал Terri Tima бүгінде сұраныстағы актерлардың бірі. Блогер соңғы кездері толықметрлі фильмдерде басты рөлдерді сомдап жүр. Мәселен Темірхан, әлі жарық көрмеген Асқар Бисембиннің «Суперагент келинка», Асқар Ұзабаевтың «С новым годом девчонки» және Нияз Әбдіғаппардың «3 дня до Нового года» картиналарында бой көрсетеді.

Terri Tima, блогер:

– Менің қатысуыммен бірден 3 толықметрлі фильм шығайын деп жатыр. Қараша, желтоқсан айында мені үлкен экрандардан көре аласыздар.

Еске салсақ, Терри Тимадан өзге Сека Вайнс та өзін актерлық қырынан танытуда. Вайнер дәл осы жылы Бүркіттің «СуперӘгенты» лентасында басты кейіпкерлердің бірін сомдады. Экшн комедияның тұсауы карантинге байланысты кейінге шегерілген еді.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться