Джастин Бибер музыкалық чарттардың көшін бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Су жаңа альбомын ұсынған Джастин Бибер музыкалық чарттардың көшін бастады. Оның ең соңғы «Justice» жинағына енген «Peaches» трегі «Billboard»-та бірінші. Бибер туындыны Daniel Caesar және Giveon-мен бірлесе орындаған болатын. Ал аталмыш әнге ұсынылған клип «youtube» платформасында 60 млн-ға жуық қаралым жинаған.

Cardi B әлі күнге дейін трендтен түспек емес! Атышулы рэп орындаушының «Up» туындысы 1 айдан бері тыңдарман арасында сұраныста. Ал тректің бейнебаянын украиналық Таня Муиньо есімді режиссер таспалаған болатын. Әзірге ән де, клип те көптің көңілінен шығуда.

Ерекше дауысты Bruno Mars «Billboard»-тың топ үштігін түйіндеп тұр. Өнер иесінің «Leave the Door Open» әні бүгінгінің хиты. Тың туынды орындаушының «An Evening With Silk Sonic» альбомына енбек. Еске салсақ, Бруно Марстың соңғы жинағы сонау 2016 жылы жарық көрген болатын.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться