HammAli & Navai ең соңғы альбомын ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

HammAli & Navai соңғы альбомымен тыңдарман жүрегін елжіреткендей! ТМД-ға танылған таланттар «Когда хорошему человеку плохо» атты үнтаспаларын тағы да махаббат тақырыбына арнады. 7 тректен тұратын жинақ бүгінде музыкалық чарттардың көшін бастауда. Еске салсақ, бұл «HammAli & Navai» тобының шығармашылығындағы соңғы жинақ болмақ. Александр Алиев пен Наваи Бакиров енді дуэт ретінде жұмысын тоқтатпақ ниетте. Жанкүйерлері үшін жағымсыз жаңалықты музыканттар наурыз айынның басында мәлімдеген еді.

Десе де бұл Александр Алиев пен Наваи Бакиров үлкен саханадан түбегейлі кетеді деген сөз емес. Қос өнерпаз енді жеке әнші ретінде өздерін байқап көрмек. Еске салсақ, жігіттер 2016-шы жылдан бері топ болып өнер көрсетіп келген еді. Олардың «Хочешь, я к тебе приеду», «Пустите меня на танцпол», «Девочка-война» сынды туындылары әлі күнге дейін сұраныста.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться