Театр ұжымы жаппай екпе салдырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жер жаһанды жайлаған қауіпті індет бүгінде өнер өкілдерінің өзін алаңдатып отыр. Осы орайда Наталья Сац орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымы түгелдей коронавирсқа қарсы екпе салдырды. Еске салсақ, бұл елімізде алғаш рет әртістер қауымының жаппай вакцинациалануы.

Алишер Эйнис, актер:

- Осындай қиын сәтте бізбен ештеңе болмайтынына сенімді болуымыз керек. Қазіргі таңда вакцина тығырықтан шығар жалғыз жол.

Алғашқы болып, екпе салдырғандардың қатарында театр майталманы, 81-жастағы Татьяна Тарская да бар. Актрисаның айтуынша, өнер ордасының мұндай маңызды қадамға баруының өз себебі бар.

Татьяна Тарская, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

– Осы індеттің кесірінен күні кеше театрымыздың актеры Турманов Ілиястан көз жазып қалдық. Дәл осындай жағымсыз жағдайдың алдын алуда вакцинация ғана көмектесе алады. Сондықтан, осындай шешімге бел будық.

«Екпені сәл ертерек салғанда әріптесіміз аман қалар еді», - дейді актриса. Сондай-ақ, театр ұжымы барша қазақстандықтарды қауіпті індетпен күресте сақтық шараларына жауапкершілікпен қарауын сұрайды.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться