Карантин кесірінен актерлар рөлсіз қалып жатқаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантин кезі қалтадан қағып қана қоймай, әртістер арасында бәсекелестікті арттыра түскен көрінеді. Мәселен, Қайрат Әділгерей биыл бұрыңғыға қарағанда фильмдерге көп шақырту алмағанын айтады. Оның сөзінше, жұмыссыз қалған актерлар санаулы жобаларда төбе көрсету үшін, барын салуда.

Қайрат Әділгерей, актер:

- Ол енді сезіледі өйткені бұрын мысалы осындай уақытта 14-15 картина жұмыс істеп жатса, қазір бірең сараң санаулы ғана. Оның өзі шынымен де актерларға болсын, продюсерларға болсын оператор гримерларға болсын барлығына әрине әсерін тигізеді.

Бұл күндері талай фильмде басты рөлді сомдап жүрген Әділгерейге дубляж жасау негізгі табыс көзіне айналған. Бүгінде өнер иесі толқыметрде төбе көрсету үшін қаламақысын азайтуға да әзір.

Қайрат Әділгерей, актер:

- Гонорар жағына келетін болсақ, барлық жағынан енді тек қана осы әртістер емес, жалпы кез-келген нарықта да гонорар жағы кішкене услуға жағы арзандады да, бірақ баға нарықтағы ол керісінше қарыштап өсіп келе жатыр.

Гүлназ Жоланова үшін де пандемия оңайға соқпаған. Сұраныстағы актриса алғашында үйде отырып, жұмысының тоқтап қалғанын айтады.

Гүлназ Жоланова, актриса:

- 2020-шы жылдың бірінші жарты жылдығы кішкене қиындау болды. Себебі қаңтар ақпан айлары кино түсірілмейді одан кейінгі 3-4 ай түсініксіз болды. Бірақта жаздан бастап сериалдар болды, кино болды жарнама болды.

Карантиннен бөлек, жаңа таланттардың пайда болуы да майталман актерларға деген сұранысты азайтуда. Пандемия кезінде киногерлер кастингттердің табалдырығын тоздырса, жас әзілкеш Қабдол Тілеков: «Хотя бы кинода» комедиясындағы басты рөлге оп-оңай бекітілген.

Қабдол Тілеков, актер, әзілкеш:

- Кастингке шақырды. Кастингке бардым, бірақ өзіме ұнаған жоқ кастингте няғығаным. Бірақ енді білмеймін Алланың қалауымен осы шақырды, өтті деді, қуанып қалдым.

Осылайша, карантин мен жас өнерпаздар майталман актерлерге мұрса бермей отыр. Алайда киногерлер бәсекелестік сапалы дүниенің артуына тікелей себепкер екеніне сенімді.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться