Сүйінші! Аделина Ералиева ақ келін атанбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Бәрі өз қолыңда» фильмі олардың киноиндустриядағы тұсауын кесті. Ал НТК арнасынан көрсетілген «Теңіз түсті махаббат» телехикаясы халыққа кеңінен танытып қана қоймай, сезімдерінің оянуына да септігін тигізді. Махаббатары нәтижелі болып, актриса Аделина Ералиева блогер Алдияр Қуанышовтың ақ некелі жары атанатынын хабарлап, эксклюзивті жаңалығын бөлісті.

Аделина Ералиева, актриса:

Енді ара-қатынаста жаңа кезеңге өту жоспарда бар ма?

Үлкен жаңалық болайын деп тұр. Көріңіздер, бізді тамашалап жүріңіздер.

Демек тұрмысқа шығасыз ғой?

Солай сияқты...

Тәтті шай өтті ме, сөз салды ма айтып беріңізші?

Алдиярдан қадам күтіп жүрмін...

Ал ата-аналарыңыз танысты ма?

Ата-аналарымыз танысты, иә. Ол да менің анаммен танысып қойды, әкемнен рұқсат алды.

 

Аделина ақ келін атануға ынтық болғанымен сері жігіт әлі неке жүзігін ұсынбаған. Алайда бойжеткен тойдың ауылы алыс емес екеніне сенімді.

Аделина Ералиева, актриса:

Той белгілі емес, бірақ шамамен ақылдастық. Осы жылы той нақты.

Осы жылы дедіңіз ба?

Осы жылы! Осы жылы болу керек.

Сөз салу деп жатырмыз ғой. Сізде қазір мүмкіндік бар қалауыңызды айтып қалуға. Алматыда сөз салғанын қалайсыз ба, әлде шетелде ме?

Өз еркі, кез-келген жақта. Тіпті сөз салмаса да бәрібір, сақинасы болса болды.