Белгілі хитмэн Ильхан Ихсан тұңғыш альбомының тұсауын кесті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Оның шығармашылығы махаббат пен мұңды әдемі тоғыстырады. Неге маған арман? деп әр трегін романтикаға толтырып жазатын хитмэн Ильхан Ихсан жаңа альбомының тұсауын кесті.

Дебюттік ән-жинақ 7 түрлі әннен, 7 бейнебаяннан құралған. Презентациялық кештің тізгіні белгілі әзілкештер Қабдол Тілеков пен Жандос Самалбековте болды.

Ильхан Ихсан, музыкант:

– Біз үшін үлкен мақсат болды. Өзіме, өзімнің ары-қарай өрмелеуім үшін. Өзімнің шығармашылығым үшін жасалған жұмыстардың бірі. 7 айдан астам уақыт кетті осы альбом үшін.

Ильхан кіммен коллаб жасағанын соңына дейін құпияда ұстауды жөн санаған. Ал дәл осы кеште экраннан Ninety one-дық Acе-ты музыкантпен бірге көрген көрермен таңданыстарын жасырып қала алмады. Бұл ерекше фиттің шығу тарихын q-pop жұлдызының өзінен сұрап көрдік.

Aзамат Ашмақын, «Ninety one» тобының мүшесі, музыкант:

– Ильхан маған телеграмға алғаш демо жіберген болатын. Сөйтіп содан кейін тыңдап көрдім. Соны тыңдап жүріп, бір әдемі әуен болып елестеді маған. Бір уақытта бір-екі күнде әнін аккордтар мелодиясын дамытып жасап тастадық.

Автор әндерінің бейнебаянын түсіруді өз мамандарына тапсырған. Ең қызығы әр туындыны 6 түрлі режиссер таспалаған.
 

– Қандай қиындықтар болды? Жұбайыңыз айтты Ильхан көп ашуланды деді осы жолы?
Ильхан Ихсан, музыкант:

– Ең қиын сахна менің соңғы әнім «Әке» деген әнде болды. Қапшағайдың ортасында бой жоқ жерде, терең жерде бөшкенің үстіне тұрып ән айтуым керек кішкентай кеңістікте. Ал мен судың толқынынан қорқамын. Сөйтіп басым айналып, құлап кетейін деп айтқан болатынмын.

Фобиясына төтеп берген әртіс, үлкен тәуекел жасап, «Buryngym» трегінің бейнетаспасын толықтай жасанды интеллектке тапсырған. Анимацияның көмегімен ебедейсіз билеп, ән салып тұрған Ильханның бейнесі көпшілікті күлдіріп, ерекше эмоцияға бөледі. Аталмыш туындының шығыны да аз еместігі сөзсіз.

– Толықтай қаржы өз қалтаңыздан шықты ма, әлде қандай да бір демеушілер болды ма?

– Жартылай өз қалтамнан, және Серік Ибрагимов ағамыз бар. Рамазан Амантай бар демеушілер қатарында. Соңғы нандарын үзіп берген. Негізі альбомның жоспарланған бюджеті 25 млн болған болатын, 17 млн үстінен қосылды. Өйткені режиссердің сұрауын жасап бермесек. Ойымыздағыдай шықпайтынын түсіндік.

Серік Ибрагимов, әнші, кинопродюсер:

– Ильхан шынымен де туған інімдей. Енді біз жақтан тек қолдау ғой. Қатты бір ондай бір көмектескен жоқпыз. Ал Ильханға таусылмайтын шабыт тілеп, осы жерге келіп отырмыз.


Туған інісіндей болып кеткен бауырына көрсеткен қолдауын Серік Ибрагимов осылай қарапайым жеткізді. Әрине, миллиардтап қаржы жинап жүрген кинопродюсерлер үшін 17 миллион деген не тәйірі...

Музыкантты қолдауға келген жұлдыздар қатарын тарқатып айтуға уақыт шектеулі. Десе де, әншінің жұбайынан бастау алған 1-2 өнер иелерімен тілдесіп үлгердік.

Аружан, И. Ихсанның жұбайы, блогер:

– Шыныменде Ильхан мен үшін номер один. Өте талантты композитор ретінде де, әнші ретінде де даусы өте керемет. Мен мақтанамын Ильханмен.

Қабдол Тілеков, әзілкеш:

– Мен бұрын-соңды көрмегенмін. Білмеймін мүмкін тарихта болмаған шығар... Менің өмірімдегі жаңа бір шекараларды ашқан не болды.

Тұрар Ыдырыс, музыкант:

– Қатты құрметтейтін, қатты андай ішкі уважением мықты адамдардың бірі. Сондықтан, қаламың талмасын деймін. Және де өзіңнің жүрегіңнен шыққан ән, тыңдарманның жүрегінен орын алсын.

Альбоммен бастау алған шығармашылық жұмыс ендігі де музыканттың жеке кешімен жалғаспақ.

– 24 мамыр күні баршаңызды Алматы аренада жеке концертімде күтетін боламын.