«Мен феминист емеспін!» Гүлнұр Мамасарипова енді еркектер жайлы фильм таспалады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim

- Бұған дейін қыздардың күйін күйттеп келген Мамасарипова, енді ер азаматтардың жанашыры. Бұл жолғы лентаның оқиғасы қалай өрбімек? Нағыз жігіттердің тағдырын білу үшін түсірілім алаңына келдік.

Кинопродюсер ендігі туындысында ерлердің отбасындағы, қоғамдағы орнын көтеруді мақсат етеді. Идея авторы бұл жолы әке мен бала арасындағы байланысты тереңірек ашпақ.

- Жаңа фильміңіз туралы толығырақ айтып беріңізші?

Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер

- Біз әке мәселесін көтеріп жатырмыз.
Біз барлығымыз сол ана болу, келін болу деген нәрсеге көп көңіл аударып кеттік. Жалпы негізі екі жақтың да жауапкершілігі бірдей ғой. Көбінесе мүмкін ер азаматтардың, әкелердің рөлі күштірек былай қарап тұрсаңыз да. Бірақ енді біз бұл жерде ешкімге ақыл үйретпейміз.

Фильмде басты рөлді сомдау кино және театр актері Дулыға Ақмолда мен әзіл майталманы Жанболат Найзабековке бұйырған. Бірі түрмеден қашқан қылмыскер болса, енді бірі жөні түзу, қарапайым отағасы. Екеуін байланыстыратын - сәби.

Дулыға Ақмолда, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер

– Енді бұл соншалықты сондай бір бандит емес енді. Бірақ өзінің өмірі үшін күресіп жүрген жігіт. Оқиға желісі дейміз ғой мынау енді. Перзент сүю, артына ұрпақ қалдыру деген сияқты сондай бір мәселелер қолданылады осы фильм барысында, Содан кейін мынау дүние қуу, материалды дүниенің түк емес екені сияқты осындай бір кішкентай философиялық мәселелер де көтеріледі.

Жанболат Найзабеков, актер

– Енді шыны керек қазіргі қоғамда болып жатқан нәрсе ғой. Фильм жалпы өзі ерекшелігімен ұнады. Бұл тек қана бұл жерде комедия емес, ортасында драмасы бар комедия деп айтсақ болады.

Киножобаның идеясы - Раймның «Досым» әні. Концертте орындалған тректен шабыт алған кинопродюсер, режиссер Ернар Нұрғалиевке келіп, жігіттер жайлы фильм түсіруді ұсынған.

Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер

- Ернар, мен түсіндім дедім, біз ер-жігіттердің арасында тек қана соларға ғана тән, біз қыздар түсінбейтін, біз қыздар бара алмайтын достық, ерлік сондай бір тақырыпты алайықшы дедім. Өйткені ол тақырып оказывается мына жігіттердің ортасында өте мықты екен дедім. Сол Раймның әнінде мен сол вайбты байқадым. Мен көзіммен іздедім, көзіне жас алып отқан көп жігіттерді көрдім.

– Енді Раймнан алып жатқан бірінші ән емес қой. Тегін бере ме әлде бағасы қанша болады?

– Райм ешқашан ақша сұраған емес. Осы кезге дейін неткен жоқ. Білмейм енді бұл жолы да сұрамайтын шығар десем. Ол да оның бір жігіттігі, азаматтығы шығар.

– Қанша шығын кетіп жатыр?

– Бұл киноның бюджеті негізі менің бұрынғы киноларыма қарағанда қымбаттау шығайын деп тұр. Әзірдің өзінде санауға қорқып отырмын ғой. Атқарушы продюсерім екеуміз сөйлескіміз де келмейді.
 

Түсірілім басталмай жатып, қалтадан қағылған Мамасарипова бұл жобасына 2 айлық сәбиді түсіріп, оның бар жағдайын жасаған. Тіпті анасы мен баласы үшін арнайы актерік көлік жалдаған. Ал сценарий авторы балаға қатысты шындықтың бәрін өз өмірімізден алдық дейді. Шынайылықпен тоғысқан, әкелік махаббатты шебер суреттейтін «Менің балам» толықметрі осы жылдың күзінде үлкен экранға жол тартпақ.