2010 жылы Нұржан Төлендиев «Шаншардың» шаңырағынан еншісін алып, жаңа әзіл отауын құруға бел буған-ды. Бастапқыда телевизиялық скечт-шоу түсірген ұжым біртіндеп толыққанды қойылымдар қойып, өнер айдынына біртіндеп театр ретінде аяқ басады. Міне, сол орданың құрылғанына биыл 15 жыл. Айтулы датаға орай, «Алдараспан» театры «Шаншар» мен «Шымкент шоудағы» үзеңгілестерін шақырып, мерейтойлық концерт өткізді.
Шәкен Амантұров, «Алдараспан» театрының актері:
- Қазір Шакен ағамыздың дайындық бөлмесіндеміз. Мен парик, орамал, чемодан толған киімді көріп тұрмын.
- Жалпы қандай образдарда бой көрсететсіз?
- Мында паригым бар, бұл ене... Мына жақта заттарым бар. Барлығы қолжетімді киімімді кием паригымды, сөйтемадғыны, сәл өзгеруім керек қой әбзелдерім бар мынадай. Сыртынан тағып қатал ене боп шыға келем.
-Бір реплика айтыңызшы?
-«Няғып жата бересің, әй, няғып жата бересің».
- Одан кейін келемін, мынаны тастаймын да апаның рөліне кіремін.. әй няғылдың... Мында құрылғыларым бар. Көбісі айтады қасыңызды қайтесіз деп. Алам да формаға салам, пластичный қасым биткен кезде қатал бола саламын.
2017 жылы Төлендиевтың өзі топқа қосқан Бауыржан Тәңірбергеннің де дайындығын бағамдадық.
Бауыржан Тәңірберген, «Алдараспан» театрының актері:
- Бауыржан, не образ дайындап жатырсыз?
- Бұл шахтерлар образы. Халықты сендіру оңай емес.
- Бұл сақал-мұрт. Сіздікі ме? -Жоқ, Нұржан ағамыздікі.
- Ол кісі де өзі жабыстыра ма?
- Ау?
- Ол кісі де өзі жабыстыра ма?
- Өзі жабыстырады, болмаса мен жабыстырып беремін. Театрдың кенжесі болу оңай емес. Оны театр кенжелері түсінеді.
- Не кіреді кенженің қызметіне кіреді? Сақал жабыстыру, сосын.
- Сақал жабыстырасың, киім үтіктейсің, енді інілік көмектесу ғой, жасым кіші боған соң кіші болған соң зу-зу жүгіріп тұру керек.
- Дұрыс, сәттілік тілейміз.
Қазір шахтер болуға тыңғылықты кіріскен театр кенжесі алғаш рет халық алдына Қошан образын сомдап шыққанын бірі білсе, бірі білмес. Осылайша Төлендиев өзін танытқан рөлді дәл осы жігітке ұсынып, өнер айдынындағы тұсауын көрермен алдында кескен-ді.
Ұжым концертке тыңғылықты дайындалған-ды. Әр әзілін саралаған соң гастрольдік сапарға шығып, батыс пен оңтүстіктегі жұртшылықты қуантуға асыққан. Бірақ кейбіреулер репертуарына шүйліккен соң бір қойылым кей өңірдегі көрерменге жетпей қалғанын ашып айтты.
Уәлибек Әбдірайымов, «Шаншар» театрының актері:
- Мысалы бір сөзді кеше, ашығын айтайын, «Алдараспан» концертінің репертуарында жүрдім, штраф айыппұл туралы айтып еді, бүкілі жабылды. Жабылып, алып тастады. Ал аналар боқтап жатса да кинотеатрдан көрсетіліп жатыр, «YouTube»-тан шығып жатыр.
Нұржан Төлендиев, «Алдараспан» театрының актері:
- Әңгімені стиліңізден бастағым келіп тұр. Дорамадағы актер жігіттердей болып тұрсыз ғой.
- Олар мен сияқты боп тұрған шығар.
- Бүгінгі концерт басындаобраз осындай.
- Әріптестеріңіздің бірі толықметр түсіріп жатыр, екіншілері мульфильм таспалап жатыр. «Алдараспаннан» қандай жаңалық күтеміз. Сізде фильм түсіруге жоспар бар ма?
- Фильм түсіруге ниетіміз бар. Бірақ уақытын айта алмаймыз. Кино ол кино. Оған дайындық керек, ой керек. Бірақ түсіреміз.
- Алдағы жоспарларыңыз қалай? Осы биікпен тоқтайсыздар ма? Әлде әлі де алға жылжисыздар ма?
- Биыл 15 жыл. Бүгін-ертең Алматыдамыз. Өзбекстанға шет мемлекетке шақырып жатыр. Оны көре жатармыз. Бірақ осымен аяқтаймыз ба деп жатырмыз.