Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim
– «Eurasian Fashion Weeк» подиумының бүгінгі атмосферасы мүлдем бөлек болмақ. Себебі, сән алаңында ерекше балалар бой көрсетеді. Kids fashion-дамыз!
Балалар сәні — ерекше көңіл-күй сыйлайтын әлем. «Eurasian Fashion Week»-тің 9-маусымы аясында өткен Kids Fashion Day бұл жолы да өз көрерменін таңғалдырды.
Әсел Акопян, «Eurasian Fashion Week» PR-менеджері:
– Бүгінгі шараның басты мақсаты қандай болды?
– Eurasian Fashion Week это не только мода... /ЖЕН/ - Eurasian Fashion Week тек сән көрсетілімі ғана емес. Бұл біз қолдайтын және көпшілікке жеткізуге тырысатын әлеуметтік бастамалар. Біз бұл жобамен мақтанамыз. Балаларға арналған Kids Fashion Day жобасында онкологиялық және ауыр дертке шалдыққан балалар подиумға шығады. Олар өздерін нағыз жұлдыз сезінуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, балалар сән көрсеткен образдарын сыйға алады. Біз осы істің бір бөлшегі болғанымызға өте қуаныштымыз. Балаларға жылу мен қуаныш сыйлай алғанымызды мақтан тұтамыз.
Биыл фэшн көрсетілімнің жұлдыздары да ерекше. Таяуда ғана үшінші мәрте ана атанған Дарья Александрова нәрестесін көтеріп, сәбилерге арналған «Twins Textile» брендінің киімін таныстырды.
Гүлнәр Хакимова, дизайнер
– Бүгінгі Eurasian Fashion Week-ке бірінші рет қатысып жатсыз ба?
– Иә, бұл алғашқы рет осы шараға қатысуымыз. Біздің көрсетілімде ең кішкентай сәбилер болды. Негізгі мақсатымыз – балаларға арналған табиғи киімдер жасау. Сондықтан, тек табиғи маталарды, әрдайым тек 100% мақта өнімдерін немесе зығыр матаны қолданамыз. Ең маңыздысы – жайлылық.
Kids Fashion Day сахнасындағы жұлдыз қатысушылардың қатарында миллиондаған фолловері бар Аминка-Витаминка да бой көрсетті. Ең қызығы, бұл жолы ол жалғыз емес, отбасымен бірге шықты.
Aminokka, блогер:
– Сені модель деп айтсақ бола ма?
– Болады, әрине болады.
– Бүгін қандай дизайнердің киімін ұсындыңдар?
– Бүгін біз ерекше балалармен бірге Benneton брендін таныстырдық. Балалар өте сүйкімді, ерекше.
Аружан Малғаждар, блогер:
– Подиумда жүру маған қатты ұнайды, өйткені көп көрермен көреді. Жаңа таныстықтар мен әдемі киімдер болады.
Әдия Малғаждар, блогер:
– Аружан бәрін дұрыс айтты. Бірақ маған ең қатты ұнайтыны – подиумда сеніммен жүріп өту.
Сонымен қатар, кішкентай блогер қыздардың анасы Арайлым Малғаждар да аталмыш шараның бренд-амбассадоры атанып, подиумда кенже қызы Амелимен бірге жаңа коллекцияларды таныстырды.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін фэшн шара – әр баланың ерекше және құнды екенін көрсетуге, олардың өмірін жақсарту және қоғамда қабылдануына ықпал етуге көмектеседі. Жоба бүлдіршіндерге қуаныш, сенім және мүмкіндіктер сыйлайды. Ал EURASIAN FASHION WEEK өз алаңында инклюзивті қоғамның дамуына үлес қосуда.
– Подиум ұнады, сыйлықтар алдық, сертификат алдық. Негізі ұнады.
– Болашақта модель болуды жалғастырасың ба?
– Иә жақсы көремін.