Жігер Ауыпбаев екінші рет үйленді! Өткен апта желіде желдей ескен осы бір жаңалық бізге де жетті. Несін жасырайық, күні мен уақыты, тіпті той иелері көрсетілген шақырту қағазына қарап, микрофон мен камераны жетектей жеттік. Келінді көруге дәмеленіп-ек.
Жігер мырза бізді ғана емес, өнердегі әрі өмірдегі достарын да сан соқтырған. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген сыныптастары да аң-таң.
Әділет Байнашев, Ж.Ауыпбаевтың досы:
– Шын мәнінде мынау қыз болды, біз енді Қызылордадан келіп тұрмыз ғой.
– Қанша салдыңыз табаққа?
– Мен бизнес класспен билет алып 150 мыңға ұшып келіп тұрмын мен.
Нұрлан Еспанов, әнші:
– Жігердің депрессияда жүргенін білем ғой мен. Депрессияда жүргенін көріп, шынымен осындайға бой алдырған шығар деп ойладым.
Анна Данченко, тележүргізуші:
– Реніш бомас еді мен қалада болсам. Есепке алынбайды ғой, киім, салонға бару деген сияқты, сыйлық есепке алынбайды ғой. Маңыздысы, 24 сағат ұшып келдім.бірнеше пересадка болды. мен бұл жерде басқа нарсені ойлап тұрмын. Халық дұрыс қабылдай ала ма?
Хайппен бас ауыртқан Жігер мырзаның хэйтке ұшырауы мүмкін екенінде шаруасы жоқ сынайлы.
Жігер Ауыпбаев, әнші:
– Ешқандай статья жоқ. Ешқандай заңды бұзып жатқанымыз жоқ. Қыздың өзіңіз келісімі. Ағылшыннан ұстазым.
– Бүгінгі пранктың құны қаншаға шықты
– Көп емес, 3 млнға жетер жетпес болар. Мүмкін асып кетер...
Қаржысын шығындап, жұртты шулатудағы басты мақсаты кэмбэгін хабарлау. Ажырасудан кейінгі депрессияны өткерген әнші жаңа шабытпен қайта оралдым деп жар салды! Мәлімдемесінен соң бейнебаянының таныстырылымын өткізді.
Жігер Ауыпбаев, әнші:
– Бұның ішінде «Жүрегім сыздаған кез. Сыздауды өткізіп ысылған кез.» Бейнебаяында да ішкі күйзеліспен барлық эмоция шыққан. Біраз әндер жазылып қойды. Арық сөйлеп, семіз шықсын деген ой ғой. Осыдан соң тағы бір жобам тұр. Соған бас қатырамын енді.
3 жыл бұрын ажырасқан әншіден жеке өмірі жайлы сұрадық. Жігер мырза қайта шаңырақ көтеруге дәмелі екенін жасырмады.
Жігер Ауыпбаев, әнші:
– Жаңа достарыңыздың бірінен сүйіктісі бар еді. Мүмкін шынымен тойға барамыз ба деп ойладым дегенді естіп қалдық. Мен мұнда жүрегіңізбос па деп әлектеніп жатсам. Енді айтыңыз?
– Бұрын отбасым болды ғой. Екі жаққа кеткен соң бір қызбен көңіл жарастырдым. Ол қызбен көп қарсылықтар болып кетті. Содан кейін ешкім жоқ
– Бүгінгі ән сол қызға ма?
– Иә, иә, рас. Себебі 20 минутта шығып кетті. Екеуіміз алғаш кездескен айда да күн де есімде.12-айдың 13-салқын кешінде деген. Екеуіміздің кездескен күніміз сол күн.
Кішігірім үзілістен соң шығармашылығына білек-сыбана кіріскен Жігер мырзаның дегені орындалғаны анық. Кешелі әлеужеліде абыр-сабыр жасап, жұртты шулатқан серінің тойының ауылысы алыс емес сыңайлы.