Мақсат Рахметтің «Әмеңгер. Ағама аманат» фильміндегі жаңа рөлі фембикелердің ашуын келтіруі мүмкін бе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova

Біз 2 сағат жол жүріп Жандосов ауылына келдік. Оған себеп «Әмеңгер. Ағама аманат» толықметрінің түсірілімі. Ескі дәстүрдің маңызы мен мәнін көрсететін психологиялық драмада Индира Құлмағамбетова, Мақсат Рахмет, Елдос Шайкен сынды өнер иелері басты рөлде. Ендеше процесс барысының атмосферасын бірге тамашалайық

 

Қазақ халқының ескі дәстүрі әмеңгерлік салты бойынша күйеуі қайтыс болған жесір әйелді марқұмның туған інісі, өзіне әйел етіп алуға құқылы. Бұл ғұрыптың мақсаты - жетім қалған балалар мен жесір жанға қамқор болу, ата-тек пен мал-мүліктің бөтен елге кетуіне жол бермеу. Дәл осы тақырыпты арқау еткен «Әмеңгер. Ағама аманат» толықметрінің түсірілімі өтуде. Шынайы оқиғаға негізделген картина күзде көрерменге жол тартады!

Мақсат Рахмет, актер:

– Меніңше қазақтың бүгінгі киносы осындай драманы біраз болған сияқты күткеніне. Актуалдылықтан бөлек ол әмеңгерлік бізде қазақта бар нәрсе. Болған нәрсе. Бірақ ол қаншалықты бүгінгі заманда қисынды?!

 

Фильмде Мақсат Рахмет әмеңгерлікпен күйеуге шықпақ болған арудың ағасы Бекболат есімді кейіпкерді сомдайды. Актер жаңа образының көпке, оның ішінде фембикелерге жақпай қалуы әбден мүмкін деген пікірде:

Мақсат Рахмет, актер:

– Қазіргі заманда... Ертең үлкен мен саналы түрде түсініп тұрмын. «Абьюз» дейді. Ертең феминисттер шығуы мүмкін. Ол бізде менталиттетте, ол біздің қанымызда бар нәрсе. Қай аға қарындасы үшін, қарындасын жәй ғана біреуінен біреуіне өткізе салады?

 

Ал Елдос Шайкен басты кейіпкердің марқұм күйеуінің ағасын ойнайды. «Келініне үйленбек болған Жанаттың да өз шындығы мен мұңы бар» дейді актер. Айта кетейік, өнер иесі өзінің рөлін зерттеу барысында шетелдік картиналарды көріп, образ жасаған-ды:

Елдос Шайкен, актер:

– «Йеллоустон» деген сериал көрдім сценаристтің айтуы бойынша. Енді былай енді қазіргі посттарды қарап отырсаңыздар, бәрі «ковбой» не деп жатыр. Неге олай болмасқа қазақ жігітке. Неге өйтіп шляпа киіп, саптама етікпен жүрмеске?!

 

Өнер иелерінен сұхбат алуға барған біз ең ауыр сахналардың біріне тап болған едік. Индира Құлмағамбетова әмеңгерліктің құрбаны болып, екі оттың яғни туған ағасы мен қайын ағасының ортасында қалып қоятын Алтынай есімді кейіпкерді сомдайды:

– Осындай ауыр драмада ойнағаныңызға, осындай қиын рөлді алғаныңызға өкінбейсіз бе?

Индира Құлмағамбетова, актриса:

– Кейде өкінемін. Жаңағыдай қорқынышты сахналардан кейін кейде ұйықтай алмайсың. Андай енді жаман түстер көресің.

– Жалпы әмеңгерлікке көзқарасыңыз қандай?

– Бізде бір сахна бар қайын ағасы мен ағасын екеуінің арасында конфликт. Сол кезде екеуі ғана шешім қабылдап жатыр да. «Мен әмеңгерлікпен алам» дейді. Ағасы «Бермеймін!» дейді. Сол кезде қыздың айтатыны бар: «Менің ойымды неге сұрамайсыңдар? Мен тұрмын ғой мына жерде». Сонда жалпы қыздың ойы, қыздың тағдыры жалпы ешкімге қызық емес екен.

 

Түсірілімі 15 күнге жоспарланған толықметрдің сценарийін жазған – Қанат Рамазан болса, идея авторы – режиссер Мақсат Оспанов:

– Бұл фильм әмеңгерлік дәстүрін қолдай ма әлде керісінше даттай ма?

Мақсат Оспанов, режиссер:

– Қолдайды. Қазақи бұрыннан қалыптасып келе жатқан дәстүрлердің бірін елге бір көрсетейік деген ой. Жақсы фильм шығады деген ойдамыз.