«А’студио» Алматыда! Аңыз ұжымға биыл 38 жыл!

Сообщить о проблеме с эфиром

«А’студио» - бірнеше буынның жүрегінен орын алған топ. 38 жыл бұрын алғаш рет Республика сарайында шығармашылық олимпін бастаған ұжым, биыл дәл сол сахнаға қайта шықты. Кеш ностальгия мен жарқын эмоцияға толы болды! Алматылық джазз өкілі концерттің құпия қонағы болғаны рас па? Толығырақ әріптесім Мөлдір Нұрғалиқызы баяндасын.


– А-студио ол кәдімгі бренд!

– Еркіндік!

– Интеллигентность

 

Олардың тарихы 1982 жылы Алматыда, Республика сарайында басталған еді. Бүгінде дәл сол сахнада ұжым өзінің 38 жылдық шығармашылық жолын атап өтті. 2 күн қатарынан аншлаг болған концертті тыңдарман асыға күткені сөзсіз. Жарық, дыбыс, энергия! Ең бастысы - ностальгия! Бұл «А’студионың» кеші!

 

Осы уақыт аралыңғында топта біраз өзгеріс болған. Вокалистер алмасып, жаңа есімдер қосылды. Бірақ өзгермеген бір нәрсе — «A’Studio-ның» ешкімге ұқсамайтын стилі, жоғары музыкалық талғамы және сахнаға деген кәсіби адалдығы.

Равиль Исаков, «The Jigits» тобының солисі

– А-студио мен үшін тұтас бір өмір. Себебі мен өмірімнің өте көп бөлігін осы топпен бірге өткіздім. Және сол үшін алғысым шексіз. Достарым да менің бұл сөзіме қосылады деп ойлаймын.

 

Мерейтойлық концерт ерекше тосынсыйларға толы болды. Соның бірі, осыған дейін 100 рет сахналанған «Джулия» спектаклінің үзіндісі көрсетілді. Қонақтарды қуантқан тағы бір жайт, аталмыш қойылым алдағы уақытта көрерменмен қайта қауышпақ.

 

Байғали Серкебаевтың продюсерлігіндегі «The Jigits» тобы әдеттегідей бэк-вокалда тұрса, Ерназар Жұбановқа концертті ашу міндеті жүктелді. Ал Рүстем Нұржігітке бұл кеште тарихы үлкен әнді орындау бұйырған:

Рүстем Нұржігіт, музыкант:

– Бүгін мен бір әнді жеке айтамын, Джулияны. «Джулия» атты әнін бірінші рет естуім ол кезде мен 4-5 сыныпта оқитынмын. Жалпы біз мына былтыр естіген боларсыздар енді мюзикл «Джулия» құрамында өнер көрсеттік. Қазірде осы концертке бізді біздің продюсеріміз, мюзиклдың продюсері Байғали Ермекұлы Серкебаев шақырды.

 

Жанкүйерлер асыға күткен кеш таңқалдырудан жалықпады. Кети Топурия сахнаға нью-скул өкілі M’DEE – ді шақырған кезде көрерменмен қоса біз де таңданысымызды жасырып қала алмадық.

 

Екі сағатқа созылған концерт ыстық атмосфераға толы болды. А-студионың шынайы жанкүйерлері оларды ұзақ күткенін жеткізіп, Республика сарайын нағыз би алаңына айналдырды.

 

– Бүгінгі концерттен қандай әсер алып жатсыз? Эмоцияңызбен бөлісіңізші?

– Ең біріншгі өлең басталған кезде, менің көзіме жас келді. Өте сондай тебірентерлік әсердеміз.

 

– Өте керемет. А-студио Алматыға келетінін естіген сәтте бірден билет алып, келдім.

 

– Эмоциямыз өте күшті.

– Концерт /ЖЕН/ Концерт өте жақсы өтіп жатыр!

 

38 жылдан соң дәл сол сахнаға қайта шыққан топ үшін бұл кеш ыстық естеліктерді еске түсірді. «А’студио» дәл сол қалпында – шабыт сыйлайтын, музыканың әр кезеңін шебер біріктіретін топ ретінде тыңдарманмен қайта қауышып, тағы бір естен кетпес кешпен қуантты.