Сахнада 25 жыл! Бағлан Әбдірайымов алғашқы соло кешінде қандай өкінішін жеткізді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Концертте бірі төбеден түсіп, екіншілері сахнаның астынан шығып шоу жасауға ұмтылатынын көз көріп жүр. Бірақ Әбдірайымов пафостан ада болуды ұйғарған сыңайлы. Себебі өнердегі 25 жылдығын қорытындылайтын алғашқы шығармашылық кешінде көрермен отырған залдан шығып, тыңдармандарымен амандасудан бастады.

Бағлан Әбдірайымов, әнші:

Жалпы тағы да осы кешті берудегі себеп: адам мақсат қойса, әрекет етіп жететін болса, ол адамның өзіне қойған бағасы болса, осы тұрғыда өзіме тапсырма қойдым, бүгін жеттім, концерт бітсе өзіме баға қоямын.

 

Әбдірайымов кеште нью-скул өкілдерінен Тұрар мен Еркешті көргісі келген-ді. Ешкімді сүймейтін жігіт концертін сылтауратса, Еркеш тізімге бекітіліп, есімі жарнамаға жазылғанымен келмеді. Себебі бізге белгісіз. Есісіне Ақбота Қаба Түркістандағы жұмысын тастап, ағасын қолдауға асыққан.

Akbotiz, актриса:

Бір жыл бұрын кавер орындап шыққанбыз бұлбұл құсым әнін. Оның тт желісінде, әртүрлі алаңдарда танылғанына байланысты Бағлан ағайдың өзінен ұсыныс түсті, «осы әнді орындап шығайық, тағы бір дуэт жазайық?» деген...Сондықтан мен осындамын.

 

Кеш қонақтары тізімінде Еркін Нұржанов, Жұлдызай Дүйсенбиева, тіпті көп көзінен көрінбей кеткен ТТТ-да жазылған. Топтан сытылып шығып алғаш соло концерт берген Әбідрайымовты қолдай келгендер қатарында Қуандық Рахым да бар.

 

Әбдірайымов бұл кеште ағынан жарылып, үлкен өкінішін жеткізді. 1 жыл бұрын өмірден өткен әкесі жайлы естеліктерді еске алған соң, сағынышын әнмен жалғауды ұйғарды. Әттең сахнаға өзін алып шыға алмады, есесіне қорғаны киген күртешені құшақтап, мұңын жеткізді.

Бағлан Әбдірайымов, әнші:

Ең жақын бөлім қайсысы?

Отбасылық бөлім бар сол жақын. Шамамның келгенінше эмоцияға берілмей, жыламай айтып шықсам деген ой бар. Жақсы білесіздер, көзі тірісінде ән жазғанмын, өзіне еркелеп орындап бергенмін де. Сол әнді айту қиын болып тұр.

 

Әбдірайымов ұстамдылық танытқанымен, көрермен жасына ерік берді. Бір кездері мұрагер аңсаған жаны қыздарын жанындай жақсы көретінін жеткізіп, ортаға қос құлынын шақырды.

Айқаракөз Бағланқызы, Б. Әбірайымовтың қызы:

Үлкен сахнаға алғаш қадам басайын деп отырсың. Әсеріңмен бөлісші?

Әрине, бұл бірінші рет. Әрине, қобалжисың,. Толқып тұрмын біздің орындайтын әніміз әке-ана туралы, осы әнеге дайындалғанымызға 1-2 болды.

Болашақта Айқаракөз Бағланқызы деген эстарада әншісін көреміз бе. Осындай жоспарлар бар ма? Мүмкіін.

 

Шараның режиссері Шағуан Үмбетқалиев пен Ермек Шынболатов. Бұған дейін Жанар Айжанованың кешіне сән берген жігіттер бұл жолы да концертке жан бітіргендей.

Ермек Шынболатов, актер, қоюшы-режиссер:

бүгінгі концертте біз әндеріне режиссерлық тұрғыда көркемдеу, пролокпен жалғау, сол бағытта аз-аздан өзгерістер енгізіп келеміз.

Өмірінің қай кезеңдері қамтылмақ?

Барлық кезеңді қамтимыз, әкесіне, анасына, өмірінде көрген қиындықтарына да түсінген адамға отсылка болады. Бала бағлан да бар, үлкен бағлан да бар, бәрі бар..

 

Концерт бала Бағланнан қалың көрерменге танылған бүгінгі Әбдірайымовтың жолынан сыр шертті. Ол қиналған сәттерін де, қуанышын да, өкінішін де, қате басқан қадамдарын да жасырмай көрсетті. Көрермен ағынан жарылғанан жоғары бағалады-ау. Кеш соңында тапжылмай шапалақ ұрып, құрмет көрсетті.