Танылмай жүрген талант! Әнші Ерден Жақсыбек алғашқы соло концертін өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova

Ерекше дауыс иесі, талабы талайды таңдай қақтырған тума талант Ерден Жақсыбектің жеке концертінтіндеміз! Халықаралық додаларда үздік деп танылған артист лайф бэндтің сүйемелдеуімен көрерменге ерекше атмсфераға толы кеш сыйламақ. Ал біз бірге куә болайық!

 

Ерден Жақсыбек – 11 жасында қоңыр үнімен күллі АҚШ-ты аузына қаратқан талантты артист. Әншінің киелі сахнаға қадам басқанына бүгінде 25 жыл толып отыр. Десе де үлкен белестерді бағындырып жүрген өнер иесі аса танымалдыққа ие емес-ті.

Ерден Жақсыбек, әнші, актер:

– Әрине бар. Кез келген әртіс менің ойымша өзінің атына жұмыс жасау керек. Талмай тынбай. Өзінің атын брендке айналдыру керек. Кейіннен қаншама жылдық еңбектен кейін өзінің аты өзіне жұмыс жасайды.

 

Ерден Жақсыбек көп жылдық тәжірибесін жинақтап, осы жылы көрерменін қуантуға шешім қабылдаған-ды. Әншінің алғашқы жеке концерті лайф-бэндтің сүйемелдеуімен, түгелдей жанды дауыста өтті. Ал залда ине шаншар орын болмады.

– Көрерменнің қошеметі ұнады ма? Қалай болды? Сіз күткендей болды ма?

Ерден Жақсыбек, әнші, актер:

– Көрерменнің қошеметін мен олай болады деп күткен жоқпын. Керемет болды.

 

Айта кетейік, Ерден Жақсыбек әнші ғана емес, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры актері. Өнер ордасының тұрақты көрермені артисті «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ұлпан» сынды спектакльдерден өте жақсы таныған-ды:

– Театр актері болуға көп көңіл бөлемін деп әншілігіңіз екінші орында қалып қойған жоқ па осы уақыт аралығында? 8 жылдан бері театрда істеп келе жатырсыз.

Ерден Жақсыбек, әнші, актер:

– Әншілігім сәл қалып қалды әрине. Бірақ мен өкінбеймін. Мен қаншама жақсы рөлдерді ойнадым. Әлдеде ары қарай ойнаймын деген ниеттемін. Ол менің образ шығару мынау театрдағы жұмысым әншілігіме көмектеседі, эстрада да.

Жиналған халық кеш барысында артистпен бір толқында болып, ғажайып сезімге бөленді. Концертте тек жастар ғана емес, көпшілік арасынан 80-дегі қарияны да байқап қалдық.

– Ерденді қашаннан бері тыңдайсыз?

– Өлеңін ба? Баяғыдан бері тыңдап жүрмін.

– Қай әнін ерекше жақсы көресіз?

– Әндерінің бәрін жақсы көрем мен.

– Фанатысыз ба Ерден Жақсыбектің?

– Иа, фанатымын. Ол спектакльде де ойнайды ғой. Әнші, актер ғой!

 

Кеш иесін қолдап Абик Жексен мен Диана Исмаил келді. Танымал өнерпаздар Ерден Жақсыбекпен бірге ән шырқап қана қоймай, өздерінің танымал тректерін де орындады:

Abik Jeksen, музыкант:

– Баяғыдан таныспыз деп айта алмаймын. Бірақ дегенмен біз танысқанда баяғыдан бір таныс сияқты боп араласып кеттік. Өйткені Ерденнің өзінің бір адамгершілік қасиеті бір төбе. Әншілік әншілігі бір төбе.

 

Ерден Жақсыбек концертте трек-листтегі 20 әнді толықтай орындап шықты. 2 сағат созылған кеш көрерменді ерекше атмосфераға бөледі. Әншінің жанкүйерлерінен бөлек әріптестері де қолдауға келген:

Бақытгүл Серікбаева, актриса:

– Нағыз әнші ғой. Сондықтан да бір құлағымыздың құрышы қанып қайтып бара жатырмыз. Кәдімгі жанды дауыста рахаттанып, демалып.

Сафуан Рысбайұлы, актер:

– Ерден ерледі. Бұл кез келген актердің қолынан келетін дүние емес. Эстрада мен актерлықты ұштастыру. Өте жоғары деңгейде өтті. Ризамыз!

Толқын Нұрбекова, актриса:

– Маған Ерден әріптес қана емес бір нағыз өнерпазды артистпен сырласқандай болдым сахнада. Өзіме қатты ұнады.