Оқу жылы аяқталды! Соңғы қоңырау соғылды. Келесі аялдама – ҰБТ! Жас түлектердің қобалжып, нағыз күйзелісті бастан кешіретін кезеңі. Осы орайда жұлдыздар бұл жағдайдан қалай өткенін білмекке сауалнама жүргіздік. Жалпы Ұлттық біріңғай тестілеу тапсырмау болашаққа қаншалықты әсер етеді?
Қанат Тасхан, әзілкеш, актер:
– Әсер ететін болса, мен бүйтіп жүрмес едім. Үшке, екіге оқығанмын. Мені ЕНТ-ға апармай қойған апайларым. Біздің мектептің позорын шығарасың деп.
Қанат Тасхан ҰБТ тапсырмаса да, жоғары білімі бар «музыка» маманы. Өнер жолын жайдарман сахнасынан бастаған әзілкеш бүгінде тойларды шулатып, әншілігін дамытып жүр. Ал, 3 минутта макияж жасауды үйрететін Айшолпан Байтүгел «биология» пәнінің мұғалімі десем, сенесіз бе?
Айшолпан Байтүгел, блогер, актриса:
– ҰБТ тапсырдым. ҰБТ-дан 87 немесе 77 балл алдым, нақтысын білмеймін. Біздің кезде деген қатты шу болған кез. Сол ең қиын кезде кәдімгі өз біліміммен өзім тапсырғанмын. Бірақ екі телефон алып кірдім. Екі телефонды алып қойды да, біреуінде радио қосылып кеткен ғой. Сондықтан тәркілеп алып қойды.
Сізді де мазалап тұрған «Грантқа түсті ме?» сауалды қойып көрдім. Оның жауабы міне:
Айшолпан Байтүгел, блогер, актриса:
– Жоқ, грантқа түскен жоқпын. Платный оқыдым төрт жыл. Себебі мені әке-шешем басқа қалаға жіберуге қорықты. Сондықтан біздің Қызылорда қаласында психолог немесе мұғалім болуға болатын болды. Мұғалімдікті таңдадым. Төрт жыл оқыдым. Тоже ата-анам үшін оқып бердім, диплом үшін бітірдім. Бірақ ол менікі емес, мен мұғалім болмаймын дедім.
ҰБТ-ның баллы доллардың құны секілді жыл санап шарықтап барады. Осы орайда емтиханды алғаш болып тапсырғандармен де тілдесіп көрдік.
Марат Әлібаев, әзілкеш:
– Біз ол кезде ЕНТ болған жоқ, мектепте тапсыратынбыз. Ол кезде сондай еді система. Бізге повезло былайынша айтқанда өте. Өзіміздің ауылда мектепте тапсырып, "Анау активист бала ғой" деп, сөйтіп-сөйтіп тапсырып.
Жансая Мұратбекқызы, стендап-комик:
– Менің кезімде 125 балл еді ғой, соның 87-ін алдым. Оның орыс тілін алып тастасаң 66. Сөйтіп-сөйтіп кете бердік қой шегініп. Бірақ одан өтпей қалған жағдайда, аз балл алып қалған жағдайда да осы жердегі бүкіл адам сөзіме куә шығар ешкім табыссыз, жұмыссыз қалған емес. Дегенмен әркім өзінің бұйырған, нағыз дайындалған бала өзінің баллын алып шығады.
Жұлдыздардың жауабын бағамдап, қорытындысын өзіңіз шығарыңыз, жас түлек. Ал біз сіздерге тек сәттілік тілейміз!