Зарина Кармен диломы жоқ актерлермен «сахналас болмаймын» деп сынға ұшырады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim
– Қазір қыздарды емес, жігіттерді алып қашу сәнге айналған ба дерсің. Дәл қазір Зарина Кармен, Айшолпан Байтүгел және Жансая Мұратбекқызы ұйымдастырған алып қашу операциясының куәсі болмақпыз. Олардың нысанасындағы жігіт кім? Бірге білейік.

«Қолыңнан келсе алып қаш!» – деп үндейді басты рөлдегі үшеу. Феминизм мәселесін көтеретін тағы бір туынды көрерменге жол тартпақ. Бұл жолғы тақырыпты қазақы менталитетке жақын етіп таңдадық дейді авторлар.
Жансая Мұратбекқызы, актриса, стендап-комик:
– Жалпы алып қашу салтына өзіңіз қалай қарайсыз?
Мә, мен негізі оған дұрыс қарамаймын. Егер де қыз баланы алып қашатын болса, жігіттерді алып қашуға болатын сияқты. Енді жігіттердің кезеңі келген сияқты алып қашатын деп. Оған дұрыс қарамаймын.

 

Зарина Кармен, актриса:
Басты рөлде ойнайсыз. Кейіпкеріңіз жайлы айтып беріңізші?
– Кейіпкерім 35 жастағы Самал, ажырасқан, өзінің бақытын іздеуде. Сол бақытын табу үстінде неше түрлі құрбыларымен бірге хикаяларға тап болады.

 

Айшолпан Байтүгел, актриса, блогер:
– Енді жаңа әріптестеріңіз берген сұхбатында айтып қалды: "Айшолпан бізде нағыз каскадер" деп. "Неше түрлі трюктардың барлығын өзі жасап жатыр" дейді. Сол туралы айтып беріңізші қысқаша.
– Мен негізі енді оқымаған актрисамын ғой, сондықтан имитация дегенді дұрыс білмеймін. Және имитация жасаған кезде сезім мен эмоция шын өмірдегідей болмайды. Сондықтан енді барлық жерде кәдімгі құладым да, қолдарымды көгерттім де, жыладым да. Енді жылаған андай ренжігеннен емес, просто ауырып кетіп жылаған сәттер болды.

 

Оқымаған актриса! Өзгелер айып тақпаса да, Айшолпан өзін осылай таныстырды. Ал дипломы жоқ актерлермен «сахналас» болып жүрген Зарина Кармен қандай сынға қалған?
Зарина Кармен, актриса:
– Мысалы көптеген адамдар айтып жатады: "Не істеп жүрсің? Тиктокерлердің арасында не істеп жүрсің?" дейді да маған. Әрбір кино мен үшін ол бір өзіңнің жаңағыдай өзімшілдігіңді, өзіңнің бір деңгейіңді көрсету ғана емес, ол коннект. Қандай керемет жандармен танысып жатырмын, ертең өмірде де дос болып кетеміз. Қазір бөлініп-салынып жататын заман емес, бірлесіп жұмыс істейтін заман деп білемін. Сондықтан да мен ойлаймын әріптестерімнің де осы актерлық жағынан потенциалдары жоғары.

 

Фильмдегі үш арудың көздеген жігіті жайдарман мектебінен танылған Қанат Тасхан. Қызығы, ендігі киноактер әріптестері сияқты кастингке келмеген. «Бірден шақырту алдым»,- дейді өзі.
– Дәл қазір біз басты рөлдердің бірін сомдайтын Қанат Тасханның актервагеніне келдік. Қазір ол кісінің өзімен жеке тілдесіп көреміз.

 

Қанат аға, қалайсыз? Қалыңыз қалай?
– О, сәлеметсіздер ме! Қалайсыздар?
– Жақсы, өзіңіз қалайсыз?
– Жақсы!
– Образыңыз ерекше болып тұр. Осыдан бастайықшы?

– Кімнен таяқ жедіңіз?
 

Қанат Тасхан, актер, әзілкеш:
– Қызықтың бәрін қыздан көресің деп, сол қызықты да, шыжықты да. Қыздар ұрып кетті. Сұлу болған қиын. Артымнан жүгіріп, сөйтті. Көрмегенді көрсетті. Кинодан көресіздер енді не болғанын.
– Қалай таңдалдыңыз бұл рөлге?
– Мен енді оу тәжірибелі, мықты актер болғаннан кейін мен кастинг-пастинг деген маған. Өмірімде өтіп көрмеппін. Мынандай рөлді жіберді. Менің енді осы қазақ халқы біледі ғой қандай талантты тұлға екенімді. Оны Джеки Чанның өзі арнайы құттықтап, мойындаған сәттері болған. Сондықтан кастинг деген маған ондай қызық емес.

 

Қанаттың соңғы сөзін шын қабылдап қалмаңыз, көрермен. Әзілкештің өнер иелеріне деген құрметі ерекше екені анық. Ал оқыған және оқымаған актерлердің контраcты ойынын осы жылдан қалмай үлкен экранға шығатын Тайгер фильмстің «Алып қашу» комедиясынан тамашалай аласыз.