Эксклюзив! Жұлдыз Абдукаримова 5-ші жүктілігі туралы толығырақ айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Осыдан бірнеше уақыт бұрын Қайрат Нұртас пен әйелі Жұлдыз Абдукаримованың ажырасқаны туралы қауесет желіде желдей есіп, қызу талқыға түскен еді. Кейін Жұлдыз өз парақшасында 5-баласына жүкті екенін жариялап, жұртты таңқалдырды.
Жұлдыз Абдукаримова, актриса:

– Көбіне жұлдыздар жасырып жатады ғой. Сіз жасырмауды жөн көріпсіз. Не үшін? Оған не себеп болды?
– Маған салса, жасырар едім. Бірақ көшеге шыға алмай қалдым. Мен көшеге шыққан кезінде барлығы бір біртүрлі қарап тұрған сияқты. Енді барынша тырыстым, жасыруға. Енді Құдайдан жасырмағанды халықтан қалай жасырамын..?
Актрисаның бұл жаңалығын желі жұртшылығы қуана қабылдап, жылы лебіздерін жарыса жазуда. Ал, Жұлдыздың жақындары жоспарланбаған жүктілікке қандай пікір білдірген?
Жұлдыз Абдукаримова, актриса:

– Күтпеген жерден, әрине. Оны мен де мүлдем ойлаған жоқпын. Өйткені, халыққа белгілі, енді куә болды ғой менің ситуациям қандай болғаны, енді сол кездегі жағдаймен жүріп қалдым. Бәлкім, солай болу керек болған шығар. Кейіннен естіген кезде әрине қуандым. Менің алда өздеріңіз білетіндей 4 балам бар. Енді бесінші баланы да қуана-қуана қабылдаймыз. Бергеннен кейін тастамаймыз.
 

Қайраттың жары 5-жүктілігінде күтімін арттырып, өзіне демалуға рұқсат берген. Сондай-ақ, бас саулығын тілейтін өнер иесі 4 баласын босанған перзентханаға баруға ниетті.
Жұлдыз Абдукаримова, актриса:

– Шығармашылықпен қазір сонда да айналысып жатсыз ба?

– Әрине, шығармашылықты жалғастырамын. Бірақ, әзірге дәрігерлердің нұсқауы бойынша, маған барынша тыныштық. Денсаулықты сақтау, жүйкені тоздырмайтын-қоздырмайтын, физикалық қатты қозғалатын тірліктерге көп бармау. Сондықтан да мен қазір бәрінен өзімді алшақтатып, ұстап жүрмін.
 

Ал, қуанышты жаңалығымен бөліскен өнер иесіне сәбиін аман-есен бауырына алсын деп тілейміз.