Дастан Оразбеков соло концертін берді! Кеш қонағы – Орда.

Сообщить о проблеме с эфиром

Дастан Оразбеков, әнші:

– Иә, мінекей Алматы мен нүктесін қойғалы жатырмыз. Бірақ дегенмен де DASTOUR бармай қалған қалалар бар ол Семей, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды қалалары. Менің ойымша қазір алдағы бір 2-3 айдан кейін үзіліс алып, ол қалаларға міндетті түрде барып, өзіміздің өнерімізбен бір қуантып қайтамыз деген сенім бар.

 

Кеш қонақтары қатарында Асе пен Аlem бар. Ағаларын қолдап келген жігіттер ізгі тілектерін аямады.

 

Alem, музыкант:

– Дастан ағаның кеші. Қандай ізгі тілектеріңіз бар?

– Бірінші мен Дастан аға жайлы айтып кетейін. Қатты жақсы көремін Дастан ағаны. Кішкентайымнан тыңдап өстім. Сол кезден мен жақсы көремін ол кісілерді. Сол біздің жалпы енді менторларымыз ғой. Иә, тәлімгерлеріміз.

 

Ағаларымен фит жазып, кеште тұсауын кесер ме деп күтіп ек. Бірақ жігіттер өз репертуарындағы әнмен ғана шектелді. Сөйтсек

Дастан Оразбеков, әнші:

Ниет бар негізі жалпы қазір ой ИК-мен жазсам ба деген ой бар баста. Сондықтанда сол жігіттермен жазып қалатын шығармыз.

Жігіттер не деді? Негізі фит жазуға келісе бермейді.

Ештеңке деген жоқ әлі ол менің басымдағы ой.

 

91-дің жігіттері үшін арнайы келген көрермен аз емес екенін аңғардық. Қыздар әдеттегідей сахнаға ұмтылып, суретке түсуге асықты.Айтпақшы, Асе-ті көріп, жақында жүктеген суреттің мән-жайын сұрадық.

Ace, «Ninety one» тобының мембері, музыкант:

Мінезі қандай?

Найзағай кеп соққандай.

Бұл жаңа әннің маркетингі ма, әлде шынымен де жақында жақсы бір жаңалықты хабарлайын дедіңіз бе?

Иә, жақында бір білмеймін қазір қалай болатынын. Жалпы айналдырып сөйлей берейін. Нақтысын жақын арада біле жатасыздар.

Айыпқа бұйырмаңызшы, бірақ төтесінен қойғым келіп тұр. Жүрегіңізді жаулаған арумен ұстасқан қолыңызды суретке түсіріп жүктедіңіз бе? Әлде жай шулатайын дегеніңіз бе?

Сәл аз қалды, жақын. Күте тұрыңыздар. Мінезің қандай, найзағай кеп соққандай деген сол мәтіннің барлығы бір өзінің бір енді иесі болып тұр ғой.

 

Ашып айтпады. Тұспалдағаны рас болса, тойдың ауылы алыс емес сыңайлы.

 

Кеш симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтті. Оразбеков 2 сағат бойы жанды дауыста ән шырқап, тыңдарманымен еркін тілдесті. Танымал әндерін орындап, жаңа туындалырының тұсауын кесті.

Дастан Оразбеков, әнші:

Орда тобы кеш қонақтарының тізімінде қайта бірігуі мүмкін бе? Жалпы осыған қатысты байқаған шығарсыздар әлеу.желіде әсіресе тиктокта мемдер жүріп жатырғой келесі жылғы концертіне үлгереміз деген сияқты. Бұл әлі де орда тарамайды келесі жылыда соңғы концерт болады деген көрерменнің әзіліғой.

Келесі соңғы концерттеріңізде “The meaning of the life”-ті айтыңыздаршы деген сияқты. Сондықтан да әбден мүмкінғой.

Бұл маркетингтік әдіс пе Әлде Орда тарады ма.

Жоқ, бұл маркетингтік әдіс емес, Орда тарады. Бірақ біз ресми түрді айттық. Мен бүкіл сұхбатымда айтам ғой форточканы ашып кеттік деп. Сығалап тұруға болады.

 

Кеш соңында Дастан Оразбеков Ордалық аға-бауырларын сахнаға шақырды. Залда отырған көрермен тікесін тік тұрып, тамағы қарлыққанша әндетті.