Жүректерді біріктіретін «Сезім бағы» кезекті маусымын аяқтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бота Болатқызы, «Сезім бағы» жобасының қатысушы:

Әсерлі сәттер көп болды. Бұрыннан келе жатқан жұптардың айырылысқан сәттері. Нұрлан мен Назгүл айырылсқанда жылағанмын.

Нұрлан Жұмабай, «Сезім бағы» жобасының қатысушы:
Бірінші том бітсе, екінші том бар, үшінші том бар дегендей. Ары қарай өзгерту өз қолыңда ғой. Ең мықты адам ара-қатынасты ұстап қалған емес, оңай кеткен деп, бірақ әлі кете алмай жүрген сияқтымын.

 

Әңгімесінен әттеген-айы барын аңғардық. Темірді қызғанда соқпай, өкініп отырған жалғыз сіз емес.

Диана Айдынова, «Сезім бағы» жобасының қатысушы:

Бәлкім мына дүниені дұрыс жасағанымда, қазір ол ер азамат қасымда болар ма еді деген өкініш бар. Сол ең ұмытпайтын сәт болды деп айтайыншы.

 

Маусым тек өкінішке толы деп ойламаңыз. Көрермен жүзіне күлкі үйірткен сәттер де аз болмады.

Бота Болатқызы, «Сезім бағы» жобасының қатысушы:

Ең күлкілі жағдай Нұрсұлтан деген қатысушының шашын Ақерке деген қыз алып тастағанда ең қатты есімдеқалғаны болды.

Нұрсұлтан, «Сезім бағы» жобасының қатысушы:

Шынымен де Ақеркемен танысқым келді. Бірақ өкінішке қарай, ол өш алып, шашымнан айырылдым. Бірақ өкінбеймін мен.

 

Маусымның соңғы эфирі романтикаға толы. Ал бұл бөлімге көрік сыйлаған сері – Серікбол. Үміткер жүзігі мен жүрегін, тіпті 101 гүлін де сайлап келіп, Әсел ұсынысын білдірді. «Иә» деген жауап күткен көрерменді сылқымның үнсіздігі абдыратқаны рас.

 

Бұл шешімін аузы күйген үрлеп ішеді дегенмен ақтады. Өткенді еске алып, тілге тиек еткеніне қарап бұрыңғы қатысушы ШүкірАлланы ұмытпады ма екен деп бағамдадық.

Әсел Дәулетбаева, «Сезім бағы» жобасының қатысушы:

Есімде қалғаны ішімдегі күй. Толығымен қарайтын болсақ ШүкірАлламен бітті бәрі.

 

Сөзіне сенсек, Серікбол мен Әсел жұбынан үміт күткен көрермен уайымдау негіз жоқ сыңайлы.

Серікбол Барижанов, «Сезім бағы» жобасының үміткері:

Өте сабырлы. Өзіне керегін білетін адам. Мені тыңдай білетін ақылдылығы, өзінің қойған мақсаттарына жете білген ер азамат.

 

Көрермен үміт күтіп отырған жұптың бірі – Галина мен Бексұлтан. Той қашан деген жауырын болған сұрақты қойдық.

Бексұлтан Нұржанов, «Сезім бағы» жобасының қатысушы:

Әр нарсе өзінің уақытысымен, жыл соңына дейін ата-анамызбен таныстырып, тәтті шайді өткізіп, тойдың уақытын белгілейміз. Как раз келіңіз.

Айтпақшы, бағдарламаның жүргізушісі Камила Саянова жобадан кететінін мәлімдеді. Тізгін кімге бұйырары бізге де беймәлім.

Камила Саянова, «Сезім бағы» жобасының тележүргізушісі:

Жалпы кетіп бара жатырмын, өзімнің басты жұмысым ана болуды қолға алу үшін. Бір жыл емес, екі жыл емес, төрт жыл отырдым. Бір университет бітіретін уақытболды. Көбіне сөгіап жатады ғой, дипломың жоқ деп.. Меніңше, мен осы жерде отырып, бір диплом алатындай уақыт өткіздім.

Аслы Ердонмез, «Сезім бағы» жобасының продюсері:

Жүргізуші туралы сөйлемесіз. Бірақ кім болатынын айтпаймын. Менің ойымша тосын сый болады.

 

«Сезім бағы» жобасының келер маусымы жаңашылдыққа толы болмақ. Продюсер жасы үлкен қатысушылар санын көбейетінін айтып қалды. Бағдарламаға қатысты басқа да қызықтарды қыркүйек айында біле аласыз.