«Биік Сезім!» Тәуекел Мүсілім жас актриса Аружан Бекболатпен көзге түсті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Мақсат Оспанов, режиссер:

Қазіргі өмір ғой. Әсіресе қыздар интернетте танымайтын біреумен танысып алаяқтық жасап, кредит алып лақтырып кететін оқиғалар көп қой. Сондай историяларды көрсетуге тырыстық.

 

Отандық туындылар қатары толыққан сайын бәсеке де артып жатыр. Түсірілімге 15 күн бөлетін продюсерлер жарнамасына келгенде сараңдық танытудан ада. Подкаст түсіріп маркетингіне білек-сыбана кіріседі. Атын шығарамын деп жер өртеуден тайынбайтындары тағы бар.

Аружан Бекболат, әнші, актриса:

Әлеуметтік желіде Тәуекел Мүсілім екеуіңіздің видеоларыңыз өте көп қаралым жинап, таралып кетті. «Жұп болды!» деп болжап жатқандар да бар. Осыған қатысты не айтасыз?

Мен енді Тәуекел ағамен видео салмаймын деп айтапмын. Ойбу, хейт кетті ғой. Әйелі бар.. Енді бұл кино, маған киноға пиар жасау керек болды. Сондықтан біз тик ток түсірдік. Бірақ жұп деген нарсе жоқ.

 

Фильмнің желісі аласа бойлы сері мен сұңғақ бойлы арудың оқиғасы төңірегінде өрбиді. Продюсерлер көрерменге махаббат бойға қарамайтынын ұғындырғысы келген-ді.

Ерлан Прімбетов, актер:

Қазақстандық киноиндустрия апта сайын жаңа туындымен толығып жатыр ғой. Неге нақ «Биік сезімді» көру керек көрермен?

Барлықтарыңызды «Биік сезім» киносына шақырамыз. Отбасылық көңілді комедия. Өзіңіз айтқандай отандық картина. Өте мейірімді және үйретері көп туынды.

 

Аружан Бекболат, әнші, актриса:

Сіздің кейіпкеріңіз аласа бойлы жігітке ғашық болады ғой. Ал сіз дәл сондай қысқа бойлы жігітті мәсе тұтасыз ба өмірде?

Енді ғашық бола ма, болмай ма көрермен куөргеннен кейін білер. Ал өмірде махаббат сантиметрмен өлшенбейді дегім келеді.

Айтпақшы, фильмнің саунтрегін орындау жас әнші Aqbotiz-ге бұйырған.

Aqbotiz, әнші:

Ән хат жаз маған деп аталады. Менің алғашқы авторлық әнім, Әні менікі. Осыдан бір жыл бұрын жазған едім. Тағдыр қоспаған жанға хат арқылы жеткізгім келетін сезімдер жазылған болатын.

 

Махаббат жасқа қарамайды дедік. Ал сезім мәселесінде бойдың ұзындығы ескеріле ме? Жауабы үлкен экранда!