10 мың теңгеге сауда жасап, теледидар ұтып ал!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сабыр Жансагимов, «Aport» моллдарының басшысының орынбасары:
Ол әрбір қонағымыз 10.000 теңгеден жоғары сауда жасап, сол түбіртегіңізді купонға ауыстырып, лототрондарға салсаңыз жеткілікті.

 

Ал екінші кезеңде бағы жанғандарға APORT MALL-да емін-еркін сауда жасауға 200 мың теңгелік сертификат сыйға тартылды.

Сабыр Жансагимов, «Aport» моллдарының басшысының орынбасары:
«Шоппингқа миллион!» сүйікті дүкендеріңізден 20 000 теңгеден жоғары сауда жасау арқылы, түбіртекті купонға ауыстырып, лототронға салып, қатыса аласыз. Бірақ сауда 20 000 теңгеден жоғары болуы қажет.

 

Шараны ұйымдастырушылар соңғы кезеңді «Back to school» атауымен ұсынды. Яғни, сыйлықтар жаңа оқу маусымына арналған:

Сабыр Жансагимов, «Aport» моллдарының басшысының орынбасары

– «Back to school» ол енді біз сүйікті балаларымызға арнадық. Оларды да ұмытпадық. Олардың ата-аналарын ұмытпадық. Өйткені қазіргі заманда дайындалып жүрген кезде.

APORT MALL ұйымдастырған ұтыс ойынына қатысушылардың қарасы қалың болды. Бар болғаны 10 мың теңгенің көлемінде сауда жасап, қымбат техникалар мен ақшалай сыйлықтарға ие болған жеңімпаздардың қуанышында шек жоқ.

 

Жансая Жанабаева, ұтыс-ойын жеңімпазы:

Өте керемет! Бүгін осы ұтып алсам екен деп келген едім. Фамильямды атағанда өте керемет болды. Қуанышымда шек жоқ. 200 мың теңгеге шоппинг ұтып алдым. Рақмет!

Басты жүлде иегері Гүлжан Кегенбаева алғашында қарапайым сыйлыққа дәмеленіп келген-ді. Нәтижесінде ең қымбат техника – теледидарды жеңіп алды.

Гүлжан Кегенбаева, ұтыс-ойын жеңімпазы:

Мен қатты таңғалып тұрмын. Өмірімде бірінші рет бірдеңе ұтттым-ау. Шынымды айтсам, кофе-машина алғым келген, ал теледидарды мүлде күтпеген едім.

 

APORT MALL алты жылдан бері ұтыс ойындарын дәстүрге айналдырып, келушілеріне қуаныш сыйлап келеді. Ал сауда үй кешенінің басшыларының айтуынша, ең қызығы әлі алда.

Сабыр Жансагимов, «Aport» моллдарының басшысының орынбасары

– Әлбетте, біз бұнымен тоқтамаймыз. Әрбір қонағымызды қуантқымыз келеді. Ең бастысы, ұтыс ойынымыз әлі алдыда. Осы жылымыздың 20-шы қыркүйек күні Aport Mall West-те пәтер ұтыс ойыны болады. Одан кейін 18-ші қазан күні Aport Mall East-ымызда тағы да бір пәтер ұтыс ойыны болады.