«Соңғы махаббат» картинасының түсірілімі басталғалы Ақбота-Нұр мен Аян Өтепбергеннің ролмантикаға толы видеолары желіде желдей есіп жүр. Фильмнің үзінділері екенін көрермен де, біз де ұқтық. Бірақ сезімдері махаббатқа ұласпай ма екен деген күдік бары жасырын емес. Қанша дегенмен, Айдарқұловпен таныстықтары да камера алдында басталды емес пе.
Ақбота-Нұр Сейітмахамбет, актриса:
– Әріптесіңіз Аян Өтепберген, коннект қалай болып жатыр?
– Аян шынымды айтайын ба, өтірік айтайын ба?
– Құтқаршы, мені өтінемін.
Аян Өтепберген, актер:
– Шынымды айтайын ба, өтірік айтайын ба..? Актриса ретінде өте маңызды сәттерді шебер береді. Актриа ғана емес, мүмкін адам ретінде басынан өткен ситуациялар көмектескен болар.. Ойлаймын, фильм мелодрама болғаннан кейін жанрға сай екеуіміз де еңбек етіп жатырмыз деп..
Бәрін басынан тарқатайық. Жансерік Қадырбаев пен Ернар Нұрғалиев күш біріктіріп, жаңа туындының түсіріліміне кірісті. Түсінгендеріңіздей, басты рөлде Ақбота-Нұр мен Аян Өтепберген. Комедиядан жауыр болдық дейтін көрерменге сүйінші дейміз. Себебі туындының жанры - мелодрама.
Жансерік Қадырбаев, продюсер, блогер:
– Мелодрама айтшы десе еске түсе қоятын туынды жоқ қой, шыны керек. Американдық, болмаса басқа елдің туындылар болады ғой қыз бен жігіттің махаббатын күшті жеткізетін. Сондай, картина жағынан, актерлық құрам жағынан да туындыны атап өте алмадық. Сосын осы жанрды таңдадық.
Жансерік Қадырбаев шығармашылық жолында аянып жатқанымыз жоқ дейді. Түсірілімі 1 жылға жоспарланған картинаның құны әдеттегі туындылардан біршама қымбатырақ екенін де айтып өтті. Себебі мынада екен:
Жансерік Қадырбаев, продюсер, блогер:
– Бізде қазақстанда болмаған картина 4 мезгілді де қамтыған. Сюжеттеріне келгенде таңқалатын тосын жағдайлар болады,. 4 мезгілді де түсіріп жатырмыз. Басты кйеіпкерлердің трансформацияға ұшырап, өзгеретін кезі болады. Сол кезде мүлдем ерекше күйге түсесіздер. Әзірге құпияны ашпай-ақ қояйын.
Ақбота фильм үшін стилін жаңартқан. Шаш үлгісі мен имиджінде де біршама өзгерістер байқалады.
Аян Өтепберген, актер:
– Ғашықтар рөлін ойнайсыздар ғой. Әйеліңізден алдын-ала сұранасыз ба әлде өзіңіз шешім қабылдайсыз ба?
– Негізі осындай сұрақтарды жек көрем. Барлығы келісіледі алдын-ала. Осындай деп… Тіпті кейбір сахналарды алып тастауға тура келеді. Адам болғаннан кейін қызғанады, сөйлесеміз..
Шығармашылық ұжым мелодраманың желісін жасырын ұстауды ұйғарған. Бір білеріміз, қосалқы кейіпкерлер жоқ. Оқиға желісі қос ғашықтың махаббат хикаясы төңірегінде өрбімек.
Аян Өтепберген, актер:
– Мен ойлаймын, қазір адамдарға махаббат керек. Сондықтан кинотеатрдан «келші жаным», деп күшті әсерде шығатын фильм тсүсіріп жатырмыз деп ойлаймын.
Картина үлкен экранға 2026 жылдың ақпан айының 26-ы жол тартпақ. Жан жылытар туындыны өткізіп алмаңыз.
Автор: Д. Қыдырбек