Қуандық Шәкіржанов, актер:
– Мен оқушы кезде жақсы оқыдым. Өйткені әкем де мұғалім. Мұғалімнің баласымын ғой. Студент кезде енді кішкене иә бұзықтау болдық. Сонымен тәртіпке салды ғой Тұңғышбай ағамыз.
Тілеген Еркінбеков, стендап-комик:
– Мен мектепте де, универде де ешкім байқамайтын, көптің бірі болып жүрдім. Ешкім маған анандай мынау бірдеңе болады, андай бір. Былай айтады ғой билеп, әнші болып, ортасында жүріп, мынадан бірдеңе шығады дейтін. Ондай болған жоқпын мүлдем.
Yenlik, музыкант:
– Мен кішкене еріншек, ұйқыбас студент болдым. Оны өзімнің достарым да, мұғалімдерім де айтатын шығар. Мені «sleeping beauty» деп айтатын бір мұғалімім. Мен негізіз ұйықтап жүретінмін. Бірақ, жақсы бітірдім соған қарамастан.
Бүгінде әлемге танылып жүрген «sleeping beauty», музыкаға дейін ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болғанын бірі білсе, бірі білмес. Ұстаздың бұрынғысы болмайды дегенге сенсек, айтулы мереке Еңлікті де сырт айналып өтпесі анық.
Yenlik, музыкант:
– Оқушыларымды сағынамын. Менде енді көбінесе бастауыш сыныптар болды, кішкентай балалар. Сондықтан сағынып тұрамын, иә. Бұл негізі өте қиын профессия. Ұстаз болу деген. Сосын менің анам үнемі айтатын «Мұғалім болма, ұстаз бол», - деп балаға.
Оқушыларына деген сағынышын қиыла жеткізіп тұрған музыканттың бұл мамандыққа қайта келуі мүмкін бе? Өзінен сұрап көрдік.
Yenlik, музыкант:
– Негізі жоқ, қазір жоқ. Себебі, осы өмірім өзіме ұнайды. Осы мамандығым да. Мүмкін бір, болады ғой декреттен кейін, немесе бір 10 жылдан кейін ойым өзгеріп қалатын шығар.
Кім білсін, болашақта Еңліктің де оқушылары әлемді бағындырар жұлдыз болар. Ендеше, сіз бен біз болып, ғалым да, шахтер де бас иетін ұлағатты жандарды айтулы мерекемен құттықтаймыз!
Қуандық Шәкіржанов, актер:
– Ұстаздарыммен әрине әрқашан мақтанамын. Актерлік шеберлікке тәрбиелеген ұстазым Тұңғышбай Жаманқұлов. Денсаулығы зор, жасы ұзақ болсын ағайымыздың.
Yenlik, музыкант:
– Барлық ұстаздарды, мұғалімдерді мұғалімдер күнімен құттықтаймын. Негізі ұстаздың жолы да ол шығармашылыққа толы деп ойлаймын. Сол ұстаздарыма сәлем айтқым келеді. Және шығармашылық табыс тілегім келеді.